View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

Мемлекеттік  коммуналдық қазыналық  кәсіпорны «Жаркент  гуманитарлық-техникалық  колледжіне» 2017-2018 оқу жылына  оқушыларды қабылдаудың  үлгі қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

    Мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорны «Жаркент гуманитралық-техниалық  колледжіне» 2017-2018 оқу жылына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 –қаңтардағы № 130 Қаулысына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

 

Жаркент  гуманитралық-техникалық  колледжі  ҚР Білім  және  ғылым министрлігінің  2013 жылғы  07 қазандағы  № 13015705  лицензиясына  сәйкес  техникалық  және  кәсіптік  орта  білім  беру  саласында  қызмет  жүргізу  құқығы  берілген. 2017-2018 оқу  жылына  қабылдаудың  Үлгі  қағидасы  колледждің педагогикалық  кеңесінде  қаралып  бекітілді. (хаттама  № 5 18.05.2017ж)

 

2.  Жаркент  гуманитралық-техникалық  колледжіне  негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

 

3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.

 

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

 

2. Мемлекеттік  коммуналдық қазыналық  кәсіпорны «Жаркент  гуманитарлық-техникалық  колледжіне» 2017-2018  оқу  жылына оқуғақабылдаудың  тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру жәнетүсу емтихандарын өткізу

 

5. Жаркент  гуманитарлық-техникалық  колледжінде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар  құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.

 

Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы,  жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

 

6. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың өәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.

 

7.Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.

 

8. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

 

    1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың  сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;

   2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі  нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады

 

9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.

 

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушініңөзі, ата-аналарынемесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

    1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

    2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

    3) босқын - босқынның куәлігі;

    4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

     5) оралман - оралман куәлігі.

 

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

 

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан  бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағындакөрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

 

10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

    1) жалпы ортабілімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

    2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

   3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

    4) мамандық бейініне сәйкес келетінтехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін сырттай  оқу бөлімінде әңгімелесу түрінде өткізіледі.

 

    Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.

 

Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ, орыс, ұйғыр  тілдерінде өткізіледі.

 

Техникалық және кәсіптік білімніңмамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.

 

11. Музыка мамандығы бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандар тапсырады.

Шығармашылық емтихандар бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған  емтихандарға жіберілмейді.

12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.

 

12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін  тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; музыка мамандықтары бойынша  шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.

 

   Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары  бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

 

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының)  саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады;  тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері  өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 балдарға ауыстырады.

 

13. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында  апелляциялық комиссия құрылады.

 

Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға  шағым білдіруіне болады.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері  хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде  өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

 Апелляциялық комиссия  шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

 

14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді

 

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

 

15. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

 

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес  балдар сомасы ескеріледі.

 

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем,білім, құқық, экономика,  медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;

2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем,білім, құқық, экономика,  медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

 

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

    1) күндізгі оқу нысанына  - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;

    2) оқудың сырттай нысанына -  15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

 

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.

 

16. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.