View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

Көрініс

 

Жетісу өңіріндегі заманауи үдерістерге үн қосып, білім беру мен тәрбиелеуде, кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновация жағынан алдыңғы қатарда болу. Колледждің оқыту үдерісіне жаңаша бағыттарды енгізіп, үштілділік және модульдік оқыту жүйесі арқылы орта буын мамандарын даярлау. Заманауи техникалық және инновациялық ресурстармен жабдықталған, аймақтағы көшбасшы оқу орны болу. Республикада жетекші оқу орны ретінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ету және отандық дәстүр мен әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттік саясаттың білім беру саласының алдына қойған міндеттерінің бірі-білім беру ісін мазмұны мен құрылымы жағынан өзінің жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлерін жаңарту, колледжді білікті орта буын мамандарын дайындайтын оқу орнына айналдыру.

 

Колледж миссиясы

 

Колледж Еңбек нарығы сұранысына ие, білікті, бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын даярлау және тәрбиелеу аясында инновациялық білім беру қызметін көрсететін аймақтағы кәсіптік – техникалық білім беретін оқу орны болу.

 

 

Стратегиялық міндеттері

 

  • Мемлекеттін білім беру саясатын аймақтық деңгейде сапалы кәсіптік-техникалық білім берумен қамтамасыз ету;

  • Еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына талдау жүргізу және түлектерді жұмыспен қамту;

  • Оқу-тәрбие үрдісін дамыту үшін заманауи техникалық және инновациялық ресурстармен жабдықтай отырып, колледждің оқу   үрдісіне үштілділік және модульдік оқыту жүйесін енгізу арқылы орта буын мамандарын даярлау;

  • АКТ мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, ББ ақпараттандыру және технологияландыру үрдісін жақсарту;

  • Жаңа білім мазмұны аясында жастарды тәрбиелеудің идеологиялық және саяси стратегиялық мазмұнын қамтамасыз ету;

  • Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу;

  • Колледждегі ғылыми әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, тәжірибелі оқытушылардың іс-тәжірибесін тарату, кәсіби біліктілік деңгейін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту, талантты және дарынды студенттермен кешенді жұмыс жүйесін дамыту;

  • Талантты және қабілетті студенттермен кешенді жұмыстар жүйесін дамыту;

  • ПҚ кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру;

  • Колледждің материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылық-экономикалық жүйесін жетілдіру.