View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры С.Н.Темірбаеваның қолдауымен ырғақ және хореография пән оқытушысы Г.Қ.Нурдаулетовнаның жетекшілігімен 2006 жылы «Айжан қыз» бишілер ансамблі дүниеге келді. Бүгінгі күнде ансамбль құрамында жиырмаға жуық биші қыздар мен ұлдар бар. Колледжде жыл сайын жаңа оқу жылы басталысымен «Біз таланттарды іздейміз» атты байқау өткізіліп, студентер ән, би, күй жанрлары бойынша өз өнерлерін көрсетеді. Іріктеліп алынған биші қыздар мен жігіттер «Айжан қыз» би ансамбліндегі колледжді бітіріп кеткеннен түлектердің орнын толықтырады. Олар жыл бойы білім алу мен қатар, би үйірмесіне қатысып, этикаға, эстетикаға, ұйымшылдыққа, талғампаздыққа үйренеді. Үйірме мүшелері би өнерін меңгере отырып, колледжде, аудан көлемінде өтілетін көптеген іс-шараларға белсене араласып, қайырымдылық концертеріне қатысады.

 

DSC 3575


2008 жылы Айжан қыз би ансамблі облыстық делегация құрамында Астананың 10 жылдық  мерейтойына барып қайтты. Панфилов ауданының 80 жылдық мерейтойындағы концерттік бағдарламаға «Жаса, жайна Жаркентім» аттты халықтар достығы көрінісін көрсетіп, өз үлестерін қосты.


Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған Талдықорған қаласында өткен «Өнерім-өмірім» атты вокалды-хореографиялық байқауда «Айжан қыз» би ансамблі хорегографиялы номинациясы бойынша «Гран-При» жүлдесін жеңіп алды.

 

DSC 3579


2009 жылы 9 қазан күні Жаркент гуманитарлық-техникалық колледж өзінің 80-жылдық мерейтойын атап өтті. «Айжанқыз» бишілері бұл тойға үйірмеге  жаңадан қабылданған студентермен бірлікте «Біржан-Сара» операсынан хормен бірге би билеп, «Көш керуен», «Назли гүлим», «Русский хоровод», «Қара жорға» билерін билеп аудан көрермендерінің алғысына ие болды.


14-қазан күні Есік қаласының Есік педагогикалық-экономикалық колледжінде, 1-желтоқсанда «Сөз мерген» бағдарламасында, 9-желтоқсан Жастар қалашығының мәдениет үйінде, 15-желтоқсан аудандық мәдениет үйінде, 29-желтоқсан «Өнер» мекетбінің ашылу салтанатында би билеп, өз өнерін ортаға салды.


2010 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 23.12.09 №179 бұйрығына сәйкес «Айжанқыз» би ансамбліне «Халықтық» (үлгілі) атағы берілді.
  

«Айжан қыз» халық би ансамблі туралы сюжет «Қазақстан» телеарнасынан «Менің Қазақстаным» бағдарламасынан 20,23 қаңтар күндері көрсетті.

Колледжде, ауданда, отряд бөлімшесінде, халықаралық әйелдер мерекесіне, колледж түлектерінің 40-жылдық кездесуінде, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған ардагерлермен кездесуде, табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық концерт бағдарламаларында «Айжан қыз» халық би ансамблінің қосқан үлесі зор.
  

2010 жылы Талдықорған қаласында өткен «Тіл мерекесінде» Жастар фестивалінде, ауданымыздағы ұстаздар мерекесі, тәуелсіздік мерекесі, Еңбек ерлері А.Зайнавдинова, К.Айтжанова, Алматыдан келеген «Гүлстан» журналының редакторымен кедесуде, аудандық «Екі жұлдыз» байқауында бишілер өз өнерлерін ортаға салды.
  

2011жылдың 16-ақпанында Алматы қаласында өткен Республикалық «Асыл мұра»  ән-би байқауына қатысып Бас жүлдені иеленді. «Ғұмырдария» Халықаралық ән-би байқауына жолдама алды.
  

29-сәуірде Алматы қаласы Оқушылар сарайында өткен «Ғұмырдария» Халықаралық ән-би байқауында бишілер Бас жүлдені жеңіп алды.
Жас талантты бишілер Астана, Алматы, Павлодар, Көкшетау, Талдықорған, Текелі, Есік қалаларында өз өнерлерін көрсетіп үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ансамбль түлектері:
  

Идрисова Асель Көкшетау қаласында өткен ІV Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпияданың  «Жас аудармашы» атты байқаудың жүлдегері, «Бастауыш мектептегі шетел тілін оқыту» бөлімін қызыл дипломға бітірді. Бүгінде Қазақ-Америка Университетінің үлгілі студенттерінің бірі.

 

DSC 3582
 

Дамуллаева Эльмира 2008 жылы «Жас қанат» жеке би номинациясы бойынша 1-орын, «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты аудандық байқауда 1-орын, Республикалық «Жысыл ел аруы» атты байқауда ІІ орынды иеленді. Колледждің қызыл димломды түлегі. Қазіргі таңда «Ирада» би ансамблінің мүшесі.


Қасымбекова Айжан Көкшетау қаласында өткен ІV Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпияданың  «Жаркент аруы – 2008» аудандық байқауының жеңімпазы, «Бастауыш мектептегі шетел тілін оқыту» бөлімін қызыл дипломға бітіріп, бүгінгі күнде Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Абылғазиев Талғат аудандық «Күзгі балл» байқауының жеңімпазы, «Бес саусақ» тапқырлар клубының мүшесі, «Бастауыш мектептегі информатиканы оқыту оқыту» бөлімін бітірді.

 

Ғалиев Марғұлан Көкшетау қаласында өткен ІV Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпияданың  жүлдегері,  «Бес саусақ» тапқырлар клубының мүшесі, «Бастауыш мектептегі информатиканы оқыту оқыту» бөлімін бітірді. Қазіргі таңда Алмат Сақатовтың жетекшілігімен «Асау» ойын-сауық отауының мүшесі.

 

DSC 3584

 

Абдрахманов Алмас Көкшетау қаласында өткен жүлдегері,  «Бес саусақ» тапқырлар клубының мүшесі, Қазақстан телеарнасы ұйымдастырған «Сөз мерген» бағдарламасының жеңімпазы. «Бастауыш мектептегі шетел тілін оқыту» бөлімін бөлімін бітірді. Қазіргі таңда Алмат Сақатовтың жетекшілігімен «Асау» ойын-сауық отауының мүшесі.


Ансамбльдің түлектері: Мұсағұлова Айдана, Мусаева Адилям, Нұртай Эьдар, Солтанқұлова Гүлназ, Кадыров Азиз, Касимова Айнура, Сағымбек Дінасыл, Хамраева Захида, Абдрешова Асем, Асхатбекова Наиля.
  

Мансуров Зухридин,  Тұрсынғалиқызы Асыл, Тоқтарбаева Жаңыл, Аюпова Мухаббат Қазақстан Республикасының әр жерінде еліне еңбек етуде.


«Айжан қыз» халықтық би ансмаблінің қазіргі мүшелері: Қадырова Салтанат Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының ХХІІ-ші «Би элменттерін меңгерудің қимыл қозғалыс аппаратының дамуына, дененің дұрыс қалыптасуына әсері» атты ғылыми жоба қорғап, облыстық байқауда жүлделі І орынға ие болып, республикалық байқауға жолдама алды.  Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиядасында сертификатқа ие болды.


Байғабыл Ақжол  Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиядасында сертификатқа ие болды.

 

DSC 3618


Сондай-ақ Исаев Ержан, Аюпова Мухаббат, Саут Калбинур,  Джунусова Гульмира, Имарова Мархаба, Нурасыл Елдар, Нұртілеу Нұрсұлтан, Махмутова Гулинур, Ибрагимова Надира, Ярмухамедов Армандармен бірге 2013жылдың 18-23 наурыз аралығында Астана қаласында Бейбітшілік сарайында және Қазақ елі монументінің үлкен сахнасында ауданымыздың «Жаркент жұлдыздары» ансамблімен бірлікте өнер көрсетіп, Астана көрермендерінің алғысына ие болды.
«Айжанқыз» би үйірмесі өз міндеттерін толық орындап, алға қойған мақсатына жетті.