Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің топ студенттері жасөспірімдер фестивалінде 1 дәрежелі дипломмен марапатталды

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық бірлестігінің «Бақытты Жаңа жылыңызбен!» жасөспірімдер фестивалінде «вокал» жанрында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің 308 топ студенттері Ибрагим Жансая Бас жүлдені иеленсе, І дәрежелі дипломмен Тоқтымамыт Ерсұлтан марапатталды. Жұлдызды доданың жеңімпаздары Дубай қаласында өтетін өнер фестиваліне жолдама алды. Жетекшісі Апукова Жанар Омаргазиевна.