Тарихы

Жаркент гуманитарлық–техникалық колледжі 1929 жылы Жаркент қаласында мұғалімдік мамандық беретін курс болып ұйымдастырылып, кейіннен педагогикалық техникум, педагогикалық училище болып атанды. Соғыс жылдарында қалаға генерал Панфилов есімі беріліп, оқу орны 1942 жылы Панфилов педагогикалық училищесі атанды.

 

Алғашқы жылдары 5-6 мұғалім болашақ мұғалімдерді оқытумен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданды. 3 курстық техникумды жыл сайын 30 түлек бітіріп отырды. Сол жылдары оқушылар есебінен контингент санын өсіруге рұқсат етуіне байланысты даярлық бөлімі ашылып, 5-6 сыныптық білімі бар оқушылар қабылданды және қазақша бөлім ашылды.

 

Соғыс жылдары оқыту ауқымы ұлғайып, орыс бөлімі ашылды. Кадрлардың жетіспеушілігінен 1 оқытушы 2 тілде сабақ жүргізді. Педагогикалық практика сол кездегі Молотов атындағы, қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы мектепте өткізілді.

 

Мұрағаттық деректер бойынша 1942 жылы қазақ бөлімінде 130, ұйғыр бөлімінде 32 студент оқыды. Оларға 34 оқытушы қызмет етті.

 

1950 жылы Лепсі мен Қапалдағы оқу орны жабылып, онда оқып жатқан оқушылар Панфилов педучилищесіне ауыстырылды. 1959 жылы мектеп бөлімімен қоса сырттай оқу бөлімі ашылды. Бөлімде «Бастауыш сынып мұғалімі» мен «Балалар бақшасының тәрбиешісі» мамандықтары бойынша мамандар даярлана бастады.

 

1982 жылы педучилище жаңа ғимаратқа қоныс аударды, 400 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

 

Жаңа дәуірдің жаңаша талаптарына сай педагогикалық училищеге колледж мәртебесі берілді. Колледжде мамандарды даярлайтын мамандық саны 7-ге жетті. 1995 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» мамандықтары ашылды.

 

ҚР Білім министрлігі алқасының №6 17.06.1993ж шешімімен Панфилов педагогикалық училищесі Жаркент педагогикалық колледжі болып қайта құрылды.

 

Облыстық білім басқармасының №102 19.04.1999ж бұйрығына сәйкес Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Жаркент педагогикалық колледжі» болып өзгертілді.

 

7.05.2009 жылы №86Алматы облысы әкімінің Қаулысымен «Жаркент педагогикалық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінен «Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік казыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

 

2013 жылы облыс әкімдігінің 14.06 №170 Қаулысымен «Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінен «Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

 

Білім беру қызметімен айналысу Бас лицензиясы 07.10.2013ж №13015705.

 

Оқу-тәрбие жұмысы осы заманғы озық үлгіге сәйкестендіріліп, қоғамдық-саяси, мәдени бұқаралық шараларға қатысу белсенділігі арта түсті. Осы жылдары педагогикалық ұжымның әлеуметтік-әдістемелік белсенділігі арта түсті. Колледж оқытушылары мен білім алушылары әртүрлі облыстық, республикалық педагогикалық басылымдарға мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдар, ұсыныстар жариялады.

 

Тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеуге, сана-сезімін оятуға, салауаттылық, адамгершілік, имандылық қағида-қасиеттерін бойына сіңіруге ерекше мән берілді.

 

2010-2012 жылдары оқу орнының білім беру ауқымы ұлғайып, «Ақпараттық жүйе», «Аударма ісі», «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету», салалары бойынша білім беріле бастады.

 

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжіне 08.08.2009ж. Алматы облысының білім басқармасының №310 бұйрығымен АБ 0051041 мемлекеттік лицензиясы және №0105776 қосымшасы берілген:

 

р/с шифр Мамандық атауы Оқу мерзімі
1 0105000 Бастауыш білім беру

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

2 0107000 Технология

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

3 0507000 Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру және қызмет көрсету 2 жыл 6 ай
4 0512000 Аударма ісі 2 жыл 10 ай
  01305000 Ақпараттық жүйелер

1 жыл 10 ай

2 жыл 10 ай

           

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжіне кәсіптік және техникалық білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына Алматы облысының білім Басқармасының 2010 жылғы 17 мамырдағы №175 бұйрығымен төмендегі мамандықтарға АБ № 0142402 мемлекеттік лицензиясы мен № 0105874 қосымшасы берілген:

 

 

р/с шифр Мамандық атауы Оқу мерзімі
1 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

2жыл 10 ай

3жыл 10 ай

2 0111000 Негізгі орта білім беру

2жыл 10 ай

3жыл 10 ай

 

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжіне кәсіптік және техникалық білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығына облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 17 мамырдағы АБ № 0142402 мемлекеттік лицензиясы және № 0108659 қосымшасы 2011 жылдың 22 шілдесінде берілген:

 

р/с шифр Мамандық атауы Оқу мерзімі
1 0108000 Музыкалық білім беру  

 

2

0108013 Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай