26 Ақпан 2019
1662

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЖАРКЕНТ ЖАУҺАРЛАРЫ» АУДАНДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

17.10.2018 ж. Жаркент гуманитарлық – техникалық колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Жаркент жауһарлары» аудандық шығармашылық орталығының мүшелерімен кездесу болып өтті. Кездесуге шығармашылық орталық төрағасы, ақын, композитор Б. Жақыбаев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын И. Үркімбайұлы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері С. Ахмадиева, колледж директоры Б. Саурамбаева, шығармашылық орталықтың тәлімгерлері, колледж оқытушылары Г.Н. Касымова, К.Ө. Жумалиевалар қатысты. Кездесудің бірінші бөлімінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы міндеттер талқыланды. 

Екінші бөлімінде ақын, жазушыларға колледж студенттері өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location