26 Ақпан 2019
1145

Елбасының бүгінгі Жастар жылын ашуы

Елбасының бүгінгі Жастар жылын ашуы барша Қазақстан жастары үшін атаулы күн болып отыр. Елбасымыз бүгінгі дамыған кезде еліміздің жастары өздерін көрсету үшін оларға барлық жағдайдың болуы керектігін атап көрсетті. Сол мақсатта биылғы Жастар жылында кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастар үшін «Жас кәсіпкер» жобасы, жас отбасыларына арналған тұрғын үй бағдарламасы, жас ғалымдар мен еліміздің талантты жастарын қолдау мақсатында гранттар мен жобалар санын көбейтіп, ауылды жерге жас мамандарды тарту мақсатында құрылған Дипломмен ауылға бағдарламасының айлық көрсеткішін 70 айлық есептен 100 айлық көрсеткішіне дейін көтеру керектігін атап көрсетті. Бұл дегеніміз Жастар жылында атқарар жұмыстарымыз ауқымды әрі сапалы болу керектігін көрсетеді. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Бүгінгі жастар ертеңгі билік тұтқасын ұстап, қуатты ел тұғырына айналатын елдің болашағы бет-пердесі секілді. Жастарға, яғни біздерге тамаша білім алып,өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы дамытып ,азаматтық қоғамды қалыптастыру, интеллектуалды ұлт тәрбиелеу және де басқа да тиімді, пайдалы іспен айналысу керек. Елбасымыздың жастарға артар сенімі зор. Біз Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің жастары ауданның әр саласында өз мамандықтарымыз бойынша Жастар жылында – жаңаша еңбек етіп,қажыр мен қайратымызды, білімімізді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламыз. Елбасының жастарға артқан сенімін ақтаймыз.

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location