26 Ақпан 2019
1475

Тәуелсіздік ұрпақтары

Жиынға аудан әкімі Темірлан Амангелдіұлы және ауданымыздың белсенді жастары қатысты. Жиын барысында Темірлан Амангелдіұлы колледжде оқытылатын мамандықтар көрмесін тамашалады. Көрмені колледж студенттері ағылшын, қазақ тілінде таныстырып, студенттердің бүгінгі таңға дейін жеткен жетістіктеріне қонақтар ризашылығын білдірді. Жиынды Панфилов ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Е.Нарынбаев ашып, жүргізіп отырды. Салтанатты ашылу барысында ауданымыздың атын шығарып жүрген жастарымыз сөз алып, Жастар жылында атқарылатын шаруалардың ауқымды екенін тілге тиек етті. Жиынның екінші бөлімінде 2018 – 2019 оқу жылындағы колледж студенттерінің халықаралық, республикалық, облыстық конкурстардың әртүрлі деңгейдегі жеңімпаздарынан «Жұлдыздар шеруі» болды. Жиын соңы студенттерден құралған өнерпаздардың коцерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location