03 Қазан 2019
1087

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие»

 13-наурыз күні колледжде базалық мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері, колледж іс-тәжірибе жетекшілері, әдіскерлері қатысуымен 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандықтары 401, 402, 403-топтарда, 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы 404-топта, 0101000 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» 407-топтарда «Жаңашыл ізденістегі жас маман – болашақтың тірегі» тақырыбында мемлдекеттік дипломалды іс-тәжірибенің қорытынды конференциясы өтілді.

Мақсаты: Жаңартылған білім беру аясында жасалынған нормативтік құжаттар мен бағдарламалар және әдістемелік құралдарды өз сабақтарында қалай тиімді қолданып келгені жайлы тәжірибе алмасу. Конференция барысында барлық топтарда көрме ұйымдастырылды, атап айтқанда «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы бойынша іс-тәжірибе бойынша фото галерея көрсетіп, көрнекіліктерін таныстырды, диплом алды іс-тәжірибесі бойынша іс-құжаттарын және күнделіктеріннен көрмені таныстырып, мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілген диагностикалық жұмыстарды жоғары деңгейде көрсете алды. Машықкерлердің ықшам сабақтар көрсетуі 5 секция бойынша жүргізілді. Әр секция бойынша модератор тағайындалып, базалық мекемелердің сарапшылары қатысты. «Бастауыш білім беру» мамандықтары бойынша пәндер бойынша ықшам сабақтар өткізілді. Сабақтарда жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, АКТ құралдарын ұтымды қолданылды. Мемлекеттік дипломалды іс-тәжірибесінде жинақталған білім, білік, дағды жиынтығын «Мен таңдаған мамандық» атты кітабына арқау етіп, аталмыш кітаптың тұсаукесер рәсімі жасалып, мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылар тарапынан игі тілектер айтылды. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығының машықкерлері сабақта оқыту үрдісінде қолданылатын иновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолданылды. Атап айтқанда топтық жұмыс, практикалық жұмыстар, бағалау түрлерін көрсете білді. Барлық топтардағы ықшам сабақтарына 3 курс машықкерлері белсене қатысып, сабақ өтудің әдіс-тәсілдерін меңгерді. Өткізілген сабақтарға талдау жасалынып, базалық мектеп мұғалімдер оқыту әдістері мен тәсілдерін дұрыс бөліп қарауға, топпен жұмыс жүргізу әдістемесімен жете танысу және көптеген ізденістерді талап ету қажеттіктері жайлы өз ұсыныстарын және колледжге өз алғыстарын білдірді. Колледж директоры Саурамбаева Баян Нүсіпбекқызының қатысуымен секция жұмыстары талданылып, келген қонақтарға өз ризашылығын білдірді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location