05 Қараша 2019
1316

«Мектептегі байқау практикасы: қиындықтар, оны жеңу жолдары» атты тақырыбында қорытынды конференция болып өтті.

Қазанның 22-і күні 0111093 «Информатика мұғалімі» мамандығы, 406-топта «Мектептегі байқау практикасы: қиындықтар, оны жеңу жолдары» атты тақырыбында қорытынды конференция болып өтті.

Машықкерлер байқау практикасы соңында өткізілетін есептерін жоба ретінде қорғады. Конференция мазмұны байқау практикасында кездескен қиындықтарды жеңу жолдары мәселелері қаралды, талқыланды. Базалық мектептің информатика мұғалімдері Талшын Асқарқызы, Айжан Оразәліқызы жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін өз тәжірибелерімен бөлісіп, машықкерлерге қорғаған жоба мазмұндарына ұсыныстар беріп отырды. Машықкер Куанышева М. «Педагогикалық практикадан өту және ұзақ мерзімді жоспар жасақтау» тақырыбында мектеп мұғалімінің ұзақ мерзімді жоспарын толығымен таныстырды. Нурмолда Ж.«Мектеп оқулықтарын талдау» 5-9 класстар оқулықтарындағы тапсырмалар ерекшеліктерін таныстырды. Оқулықтар арқылы көрнекіліктерді жасау әдісі көрсетілді. Практика жетекшісі Келмухамбетова А.К., Сайдахметова А.А., Жуманов Е.А. жоғары деңгейде өткізген машықкерлерді атай отырып, бірнеше машықкерлердің қанағаттанарлық деңгейде екенін айтты. Базалық мектепте «IT кабинеті» арқылы роботехника құрылғыларымен, Lego конструкторлары арқылы информатикадан сыныптан тыс жұмыстары өз деңгейінде өткізілді. Конференция соңында директордың оқу өндірістік жөніндегі орынбасары Г.А.Баетова машықкер портфолиосы деңгейінің төмендігі, нормативтік құжаттардың ретсіздігі, жинақсыздығы және машықкерлердің жауапкершіліктерін арттыруын ескертілді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location