05 Қараша 2019
1188

Колледжің 90 жылдық мерейтой

Колледжің 90 жылдық мерейтойына орай ұлағатты ұстаз, білікті басшы, математик, қамқор әке бола білген Қабимолдаев Нұрахан Қабимолдаұлын «Сағыныш пен алғыс» атты еске алу кеші «Математика, физика, информатика» ПЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен өтті.

Еске алу кешіне ардагер ұстаздың өмірлік жұбайы Роза апай немересімен, зейнеткер математик ұстаздар Мұхамедшәріп Ільясұлы, Баққайша Бұланбайқызы, Жамила Танекеқызы және шәкірттері Меруерт Мырзаханқызы, Советхан Жұмашқызы, Гульчария Айтбекқызы қатысты. Ұзақ жылдар еңбек еткен Қабимолдаев Нұрахан Қабимолдаұлы атындағы кабинет жаңартылып, слайдтар мен бейнесюжеттер әзірленіп, «Информатика мұғалімі» мамандығының 306 топ студенттері арнау өлеңдерін тарту етті. Кеш барысында үлгілі ұстаз Нұрахан Қабимолдаұлының өмірбаяны мен еңбек жолдары бейнематериалдан көрсетілді. Кеш қонақтары сағынышпен еске алып, ұстаз бойындағы адамгершілікті, қарапайымдылықты, ізеттілікті, білімділікті студенттерге паш етті. Қабимолдаев Нұрахан Қабимолдаұлының 60 жылдық мерейтойындағы бейнетаспадан үзінділер көріп, ұстаз ағайды сағынышпен еске алып, шәкірттері алғыс айтты. Колледж директоры Б.Н.Саурамбаева кешті қорытындылап, өз лебізін білдірді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location