04 Желтоқсан 2019
1145

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні

2019 жылдың 29 қараша күні Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Ерен Елбасы-кемел көшбасшы» атты салтанатты мерекелік жиын болды.

Мерекелік жиынға Қ.Р. Мәдениет саласының үздігі, Алматы облысының, Панфилов ауданының құрметті азаматы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Б.Жақыбаев, Панфилов ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов, аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы А.Батырхан және колледж ұжымы мен студенттер қатысты. Салтанатты жиында ҚР Гимні ойналып, қонақтар қатысушыларды мерекемен құттықтап, ҚР бүгінгі жетістіктері мен болашағы туралы айтты. Мерекелік шара колледж студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location