28 Сәуiр 2020
975

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледж директоры ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылдың 27 сәуірдегі Үндеуіне пікір білдірді.

Колледж ұжымы елдегі коронавирус індетінің таралмауына байланысты қабылданып жатқан барлық шектеу, алдын алу шараларына түсіністікпен қарайды. Барлық студенттермен қашықтықтан сабақтар жүргізілуде.

Үндеудегі Үкімет Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа Кодестің жобасына халықтың денсаулығын сақтау жүйесін жақсарту жөнінде практикалық ұсыныстар енгізгізу керектігі туралы айтылғаны өте орынды. Педагогтар алдыңғы қатарлы зиялы қауым болғандықтан патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті толықтай сезініп, ол туралы студенттермен де тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Баршамызға ортақ басты міндет - елдегі бейбітшілік пен тыныштықты барынша сақтау. Колледж ұжымы халықты әрдайым сабырлы болуға, барлық талаптарды орындауға, қиындықты бірге еңсеруге шақырады". Жұмыла көтерген жүк жеңіл, демекші бұл қиын күндерден де өтеміз. Біз біргеміз!

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location