01 Қыркүйек 2020
1194

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директоры Саурамбаева Баян Нүсіпбекқызының 1 қыркүйек Білім күніне құттықтауы

 

Құрметті оқытушылар, студенттер,ата-аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқытушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін.

1 қыркүйек әсіресе педагогикалық колледж үшін өте ерекше, себебі біздің бүкіл өміріміз және қызметіміз білім алу және оны үйретумен байланысты. Жаңа оқу жылы біз үшін - жаңа мақсаттар мен бастамалар, жаңа идеялар мен батыл жоспарлар жылы.

Біздің колледж аймақтағы жалғыз педагогикалық колледж  ретінде сапалы, креативті мұғалімдер дайындауда бар күш-жігерін салатындығын атап өткім келеді. Уақыт өткен сайын колледжіміз дамып, жаңа оқыту бағыттарымен толықтырылып, қолданыстағы бағдарламаларды жаңартып, оқу процесіне инновациялар енгізіп отыр. Өз кезегінде Ұстаздар ұстаханасы барлық жұмысты ашықтық, адалдық, креативтілік сияқты негізгі ұстанымдармен атқара бермек. Сондай-ақ біз жемқорлыққа нөлдік төзімділік ахуалын құруды мақсат етеміз.

Колледжге  жаңадан қадам басқан 1-курс студенттері! Сіздер осы оқу орнының мықты студенттері болатынына менің сенімім мол. Осы колледж түлектерімен мақтанатындай болашақта сендерді де мақтан тұтамыз деп ойлаймын.

Барлық мамандықтың төресі –  ол ұстаздық. Халқымыздың ұлы тұлғасы Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын – ұстаздікі» деген дана ой қалдырған. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Осы қасиеттер Ұстаздардың бойынан да табылады! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location