31 Қазан 2020
918

"Өлеңім-өмірімнің айнасы" атты рухани кездесу өтті

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде ақын, қаламгер, жерлесіміз Қасен Гүлбақыт Тоқтанқызымен "Өлеңім-өмірімнің айнасы" атты рухани кездесу өтіп, ақынның "Жүргімнің хаттары" атты өлеңдер жинағының тұсауы кесілді. Кездесуде ақынның сырға толы өлеңдері оқылып, қатысушыларға кітаптары сыйға тартылды. Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сазгер Б.Жақыбаев өзінің ақ батасын берсе, Қ.Р.Білім беру ісінің үздігі ,этнограф-ақын Әдепхан Төреханұлы мен Қ.Р. Жазушылар Одағының мүшесі Исламғали Үркімбайұлы тілектерін арнап, құттықтады.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location