01 Наурыз 2021
532

Оқу нәтижелерін балдық-рейтингілік әріптік жүйеде бағалау ерекшеліктері

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, «Talap» КеАҚ штаттан тыс тренері, педагог-шебер НҰРБЕКОВА Ақмарал Маметқызқызы «Оқу нәтижелерін балдық-рейтингілік әріптік жүйеде бағалау ерекшеліктері» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Бұл шара колледж оқытушыларына студенттердің оқудағы жетістік деңгейлерін өлшеу технологияларын әзірлеуде, оқу нәтижелерін бағалау үдерісін жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Халықаралық үздік тәжірибелер негізінде білім алушылардың сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесіне көшудің нормативтік жүйесі, компоненттері, ерекшеліктері түсіндірілді. Бағалау шкаласын, рейтинг қою формуласын, чек парақтарын әзірлеу, түсіну жолдары мен оқу мақсаттарына қарай Блум таксономиясы негізінде тапсырмаларды даярлау практикалық бөлімде меңгерілді.

Колледж оқытушылары мастер-класта жаңа 100-балдық бағалау жүйесі туралы маңызды мәліметтер алды.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location