01 Наурыз 2021
1014

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

2021жылдың 21қаңтар күні колледждің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Акцияны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Агимов ашып, жүргізді. Акцияға Панфилов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанар Қадыржанқызы қатысты. Акция барысында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбындағы 102 топ студенттері дайындаған видеоролик көрсетіліп, студенттермен пікір алмасу жүргізілді. «Жетісу –адалдық алаңы» жобасының мақсат-міндеттері, жастармен жүргізілген жұмыстар туралы Жанар Қасымханқызы ақпарат берді. Колледж психологы Ж.Шулгауова «Сенім жәшігі», «Сенім телефоны» қызметі туралы айтып, «Таза сессия» акциясы аясында алынған сауалнамамен таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Диханбаева ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, өткізілген «Абыройлы ұстаз» акциясының нәтижесімен таныстырып, бірнеше топқа коллдж директоры атынан берілетін «Алғыс хат» мазмұнын оқыды. Сондай-ақ, колледж студенттерін «Ар-намыс Кодексінде» жазылған құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктерімен таныстырды. 3 курс стденті А.Нурахмет өз кезегінде «Жастар жемқорлыққа қарсы!» деп барлық колледж жастарын осы бағыттағы насихат жұмыстарын бірге ұйымдастыруға үндесе, студент М.Тынысбай осы акцияның жалғасы ретінде «Адал бол!» акциясын челлендж ретінде жалғастыру туралы ұсыныс жасады. Акция соңында студенттер аталған ұсынысты қолдайтындарын білдірді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location