01 Наурыз 2021
679

«Ұлы Абай мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Жаркент жоғары гуманитарлық –техникалық колледжінде «Ұлы Абай мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтілді. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол
ашатын қастерлі құндылық ,-деп Жаркент жоғары гуманитарлық –техникалық колледжінің ғылыми-әдістелік ісі жөніндегі орынбасры Құрабалдиева Клара Бавашевна мен орыс тілі пәні оқытушысы Дәулетбақова Айжан Маратовна «Ұлы Абай мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуына колледж диркторларына сөз беріп, мақсатымен таныстырды.

«Ұлы Абай мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын, әлемдік мәдениеттегі орны, тұлғаның өз халқына деген ағартушылық көзқарасын мұражай арқылы таныту ,ғылыми ізденістермен таныстыру. Ақынның мол мұрасын бүгінгі оқу тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын айқындау.

 Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын бір ел,тұтас ұлт болып дамуымызға зор мән беріп отырмыз ,-деп сөз бастаған Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, директоры Баян Нүсіпбекқызы мен Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің кәсіптік колледжінің директоры Акматов Аскар Акматович конференцияға қатысушыларды Абай идеялары негізінде білім беру үдерісін ұйымдастыруда кәсіби тәжірибені тарату және Абай мұралары арқылы халықтардың туысқандығы мен достығы ынтымақтастығын арттыруға бағытталған іс-тәжірибе екендігіне екі жақ тараптан да баса назар аударғандығын атап өтті.Сонымен қатар конференцияға қатысушы қонақтарға шексіз алғыстарын білдіре отырып, сәттілік тіледі.

Абай қорық музейінің қызметкері Гулим Кадирсизова Құрманқазықызы «Абай мұражайы-ұлтымыздың рухани ордасы» тақырыбында Абай шығармаларындағы ұлы далада өмір сүрген қазақ халқының бар болмыс тіршілігі , ұлтымыздың салт дәстүрлері мен жан дүниесі суреттелген туындылармен таныстырып өтті. Еңбегіңіз дәл қазір ақталуда , Мына сізбен бүкіл қазақ мақтануда деп төл туындысын Абай атасына жазған Абай-дана,Абай-дара,қазақта!деп Жаркент көпсалалы коллледжінің студенті Сатай Еркебұлан жырлады.

Тиллебаев Садык Алаханович (Мемлекеттік тіл жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы, профессор) «Абай мұрасы әлемдік әдебиет контексіндегі» баяндамасында: Бүгінгі таңда Абайды тану, жас ұрпаққа насихаттау, ақынның асыл мұрасын әр тараптан зерттеп, Абайтану ғылымының керегесі кеңи түсуіне Қырғыстан жерінде үлкен игі істердің атқарылып жатқанын атап өтті. Абайға арналған аймақтық, республикалық, халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, түрлі әдеби-мәдени шаралар ақын мұрасын жас ұрпаққа үлгі етуді көздейтінін және бүгінгі өтіп жатқан халықаралық конференцияда осы пікірімнің куәсі болып отыр,сондықтан Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің қайнар бұлағы.

, С.Торайғыров Асыл сөзді іздесе Абайды,оқы ерінбе ,Адамдықты көздесең Жаттап тоқы көңілге, - демекші оқу,іздену,еңбек ету ғылым,білім бәрі осы бір Абай әлемінде мені мұндалап тұрғаны анық «Абай поэзиясы: мәңгілік қайшылықтар үндестігі» тақырыбында бүгінгі біздің қонағымыз Филология ғылымдарының кандидаты, әл-фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультеті, қазақ әдебиеті және теориясы кафедрасының аға оқытушысы Қосанов Серікбай Қылышбайұлы айтып өтті.

Абайдың өзін көрмей,сөзін оқу арқылы,естіп ұғыну арқылы,сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге,адамгершілік жайға,ағартушылық турасында және табиғат лерикасын суреттеп бейнелеуде көп-көп өлеңдер жазған жергілікті ақындарымыздың үндестігін бүгін сіздерге өзі ақын қыз «Абай өлеңдеріндегі табиғат лирикасы» Оразақан Бағлан Бекәлиқызы Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі студенті Жетекшісі: Джумабаева Ардақ Калибековна зерттеу жұмыстарымен таныстырады. Ж.Баласағұн атындағы ҚҰУ кәсіптік колледждің дүниежүзілік әдебиет оқытушысы, Кульмухамбетова Атыркуль Тынышбаевна «Абай Құнанбаевтың шығармашылығын ҚҰУ кәсіби колледжінде»

атты баяндамасында Абай Құнанбайұлының шығармаларының маңы­зына тоқталып, олар қырғыз елі үшін аса құнды көркем дәулет, асыл қа­­зы­на екенін тілге тиек етіп, «Ұлы ақынның еңбектерін екі елге бір­дей ортақ мирас» деп айт­­сақ жа­раса­ды» деп сөзін тұ­жы­рым­дады.

«Құнанбайдың кім екенін білмесек, Абайдың кім екенін білу қиын»- деген Мұхтар Әуезов айтқандай Әке мұрасы - ұлттық тәрбие құндылығы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ТжКБ басшысы Исаханова Шынар Қабиқызы Құнанбай бейнесін ашуда тыңдаушыларға маңызды, тәрбиелі әке мен бала арасындағы байланысты жоғары деңгейде айтып,талдап берді.

Ж.Баласағұн атындағы ҚҰУ кәсіптік колледждің дүниежүзілік әдебиет оқытушысы Токолдошова Рахат Ишембаевна «Абай және Еуропа мәдениеті» Абай мұрасының маңызды бір қыры-Европа мәдениеті мен әдебиетіне қатысты Еуропамен таныса келе Абайдың «Шығысым - батыс, батысым - шығыс боп кетті» деуі ақынның Батыс елдерінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі болса керек. Бүл тану, қызыға зерттеу, үлгі тұтып, нәр алу ақын шығармашылық жолына ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Еуропа елдерінің әдеби қорына қарым-қатынасында Абай Құнанбаев жай ғана үйренуші, өерекшелігімен, ұлттық келбетімен, ұлы реалистік өзіндік, Абайлық тұлғасын сақтайтын қадір-қасиетімен, қалып-қабілетімен керінді. Ақын қазақ сахарасының шегінен шығып, орыс мәдениетіне, сол арқылы Еуропа елдерінің мол қазынасына жалғыз өзі жол тартып, туған әдебиеттің қадір-қасиетін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түскендігін сөзге тиек етті.

Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі,нәтижесі ретінде қарады,оның қимыл әрекетін психологиясын моральдық келбетін,өмірге,әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп бағалап бейнелеп отырған Абайды «Абай әлемі-адам әлемі»,-деп Махметова Айгүл Абланқызы Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық-колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы өз жұмысын ортаға салды. «Шонжы политехникалық» колледжінің студенті Құлжабай Тамина Даниярқызы жетекшісі: Сайдахметова Гулнара Сайдахметовна «Әлемге танылған-Ұлы Абай» атты ғылыми жобасында Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, олардың заңдылықтары қатты ойландырғаны, дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сұрақтарға тіпті жауап табуға тырысқаны және өзінің пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысын жалпы заңдылықтарын ашып көрсете білді.

Ж.Баласағұн атындағы ҚҰУ кәсіптік колледждің ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Шерматова Саадат Нурлановна, «Абай шығармаларындағы ұлттық тәрбиенің мәдени-гуманистік мақсаттары» тақырыбындажазған баяндамасының мақсаты – қазақ пен қыр­ғыз халқының туыстығы мен дос­тығын нығайту, екі ел­дің тату көршілігін насихаттау. XIX ғасырдың ортасында ағартушы-ғалым Шоқан Уәлиханов «Ма­нас» эпосын алғаш рет қағаз беті­не тү­сіріп, оның ғылыми тұр­ғыдан зерт­телуіне жол аш­қан. Жамбыл мен Тоқтағұл қа­тар шапқан дүлдүл ақын еді, Шың­ғыс Айтматов Мұх­тар Әуезовті ұстаз тұтты, екінші Мұхтар – Ша­ха­нов Шыңғыс Айт­матовпен аға-дос болды, мұның бәрі бола­шаққа үлгі. Абай жырлары қырғыз ақындарының бірнеше буыны сабақ алған поэзия мектебі болғанына тоқталып, «Ақын болған соң, ишарасын жасайын» деп, қазақ елі және Абай туралы өлеңдерінен үзінді оқып берді.

Казагым, боорум, өзүмсүң,

Қарегим-кара көзүмсүң.

Эмне десем жарашкан,

Куюулуп түшкөн сөзүмсүң,

Баурум деген кезиңден

Бал тамган таттуу сөзүңдөн,

Ак көңүл барпаң казагым,

Айланып кетем өзүңдөн!

* * *

Абайдай уулу Адам бар,

Ала-Тоодой караан бар.

Пенденин ою жетпеген,

Аскасы бийик дабан бар.

Чыгышта ар бир акындын,

Устаты болуп калган бар.

Ойго бай, терең ырларды

Ордосу болуп калган бар.

«Өсер елдің баласы, бірін бірі ба­тыр дейді» демекші, ежелден құ­да-құдандалы болған, бірін-бірі іздей­тін бауыр – қазақ пен қырғыз қай заманда да тату-тәтті тіршілік ете береді деген сенімдемін, – деп сө­­зін түйіндеді.
Азнабакиева Камилам Нурмухаммедовна «Жаркент жоғары гуманитарлық –техникалық колледжі» студенті ,жетекшісі Рахимбаева Данара Нуриахметовна «Абайдың Қырғызстан үшін маңызы»тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысын таныстыру барысында Бішкекте Абай Құнанбайұлы атындағы мәдени орталық ашылғандығын,оның 420 шаршы метр ауданды алып жатқандығын,бұл орталықтағы кітапхана сөрелерінде еліміздің тарихы мен мәдениетімен таныстыратын кітаптар, қазақ ақындары мен жазушыларының шығармалары , Абайдың өлеңдері мен поэмалары бірнеше тілде ұсынылғандығы және қырғыз тіліне аударылған туындылары бар екенін тыңдарманға ерекше атап өтті. Бұл мәдени, гуманитарлық жобаның басты мақсаты – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты ұлғайту, өзара түсіністігімізді одан әрі тереңдету болып отыр. Сондықтан бұл орталықтың еліміз арасында қарым-қатынастарымызды дамытудағы маңызы зор. Түпкі тамырымыз бір жерден шыққанын түсіну үшін,-деп сөзін қорытындылады.

Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр,Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет.Ұлы Абайдың қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл,ыстық қайрат,жылы жүрек демекші,шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек,сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң,моральдық құндлықтарды ұстану қажет дейді болашақ ұстазымыз «Бастауыш сынып оқушыларының рухани дүниесін дамытудағы Абай шығармаларының маңызы деген тақырыпта Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі студенті Жайнақ Мереке Мәулетқызы Жетекшісі: Нурбекова Ақмарал Маметқазықызы

Жоламанова Таиндық Молдагалиевна Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы «А.Құнанбаев мысалдарын интерактивті әдістер арқылы оқыту»

Интерактивті оқытудың әдістері оқу үдерісінде биік мақсатқа жетуді көздейді, яғни студенттердің кәсіби кұзыреттілігін дамытуға әсер етеді.Мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырып, берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады және Абай аудармалары арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге, ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болуға шақыратынын болашақ жастарға үлгі етті. Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің информатика пәні оқытушысы Жұманов Еркін Әбенұлы «Абай мұрасы-мәңгілік қазына» тақырыбындағы жинақ дискісінде -Ұлтымыздың ұлы перзенті — Абай Құнанбайұлының шығармалары қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтеріп, ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалады және өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері халықтың ауыз әдебиетінен бастау алған көркем сөзді кемеліне келтіріп, Абай туындылары бүгінгі әдебиет пен әдеби тіл деңгейінен қарағанда өзінің сапалық қасиеттерімен ерекшеленіп, дараланып, ұрпаққа ұлағатты үлгі болып қала беруін өз тәжірибесі арқылы жобасын көрсетіп тәжірибе алмасты.

Адамдықтың белгісі,Халқыңа еңбек қыл,Ақ жолдан айныма, Ар сақта соны біл,-деп Шәкәрім бабамыз да босқа айтпаған. Амирбекова Ақжарқын Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі студенті Жетекшісі: Бағдаулет Жазира Нұртазақызы«Абай жолы» эпопеясындағы адамгершілік ұстанымын нақты жеткізе білді.

Оспан Гауһар Жаркент жоғары гуманитарлық –техникалық колледжінің студенті жетекшісі Тумаева Нургүл Қабдолдақызы «Ақын Абайдың күйі арқылы ұлттық аспапты дәріптеу» ғылыми жобасын өте тартымды жеткізе білді. Данышпан Абай күй жөнінде де ете өткір пікірлер айтқанын, Абай: «Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге, Жылы жүрек қайда бар қозғаларлык?...» немесе: Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда кеңілдің әсері бар , - деді. Бұл жолдардан Абайдың күйді жете тұсінгендігі көрініп тұр. Осындай күй туралы айтылатын аса бағалы пікірлері негізінде ақынның үш күйі туралы мәліметтер берілсе,әсіресе «Май түні» күйін ерекше сазбен орындалатынына тоқталып, Оспан Гауһар күйді нақышына келтіріп, шертіп берді.

Өзінің зерттеу жұмысының өзектілігін:Тамыры жоқ ағаш,тарихы жоқ халық болмайды.Тарих тереңіне үңілсек,тәрбиенің алтын діңгегі болған маңайына тек адамгершілік дәні сепкен ұлы тұлғалардың өмір сүргеніне куә боламыз деп Сатыбалдинова Зауре Бексұлтановна Панфилов ауданы, Пенжім ауылы, «А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Әуезовтің«Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың кейіпкер ретінде өсу динамикасын кезең-кезеңімен дәлелдеп,көрсетіп берді.

Сөз соңында осы конфернцияны бастан аяқ рет-ретімен жүргізіп отырған Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Дәулетбақова Айжан Маратовна мен Ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Құрабалдиева Клара Бавашевна халықаралық конференция өз деңгейінде жоғары өткендігін, барлық қатысушылар көп мәлімет алғандыған айта келіп, қорытындылай келе Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын Қазақстан елі тойлап жатырмыз.Сондықтан:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдарған
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артына сөз қалдырған - дегендей, артына мәңгілік өлмейтін
сөз қалдырған қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай атамыздың есімі мәңгілік
халық жүрегінде, әдебиет төрінде сақталады.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location