26 Ақпан 2019
1390

БАЛАБАҚШАДАҒЫ КӘСІБИ ШЫҢДАЛУ ҮРДІСІ

Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының  элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. Балабақша баласының бойында шығармашылық қабілеттерді дамыта отырып, қызығушылығына сүйене дамытуда : Тәй-тәй технологиясының үлесі ерекше. «Таңшолпан» балабақшасында осы технология бойынша эксперименттік жұмыстар «Балғын» екінші кішкентайлар тобында жүргізілгендіктен 307 топ студенттері оқу әрекеттерін  ұйымдастырды. «Таңшолпан» балабақшасына Монтессори әдістемесін енгізу мақсатында жүргізілген  дайындық жұмыстарында студенттер балалармен іс-әрекеттерді ұйымдастыруда бағыт-бағдар берді. Бұл әдістеменің негізі: заттар мен өз бетінше іс- әрекет жасау арқылы өзін-өзі дамыту.   Балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру мақсатында сауалдар қою және оларға жауап іздеу жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Жақсы нәтиже көрсеткен студенттер: Бағдаулет Аяжан, Сарсенбек Сымбат, Тастанды Нұрай, Омарғазиева Жансая. 207 топ студенттері тәрбиеші мамандығына бейімделу үрдісінен өтті. Оқу әрекеттерін ұйымдастыру жолдарымен танысты.

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location