20 Қыркүйек 2019
1388

«Оқыту мен оқу үдерісінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы»

Жаңашыл оқытудың өзекті мәселелеріне арналған іс-шаралар

Білім сапасын арттыру мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пәндерді оқытудағы өзектілік» тақырыбында іс-тәжірибе әдіскерлерімен  семинар өткізілді.

1-семинар Тақырыбы: «Оқыту мен оқу үдерісінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы» іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

Мақсаты: Интербелсенді әдіс-тәсілдердің теориясы мен практикасын жан-жақты игеру арқылы педагог мамандардың теориялық, әдістемелік, тәжірибелік жүйесін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқытушалар интербелсенді әдістеменің әдіс-тәсілдерімен танысып, оларды өздерінің сабақ беру практикасында қолдану жайлы өзіндік пікір қалыптастырады.
  2. Интербелсенді әдістеменің әдіс-тәсілдерді өздерінің сабақ беру практикасына енгізуге бағыт алады.

 «Сабақтың басталу мен ұйымдастыру кезеңі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні және ұйғыр тілі мен ұйғыр әдебиеті пәні оқытушылары: Г.Балғабекова,М.Тоқтахунов; «Үй тапсырмасын сұрау» педагогика пәні мен тарих пәні оқытушылары Р.Исламова,Н.Дауытов; «Жаңа сабақты түсіндіру» педагогика пәні оқытушылары Н.Асановамен Ғ.Каримбаев; «Сабақта тапсырмаларды әдіс-тәсілдер арқылы орындау» Б.Ниетбаева, Д.Рахимбаева; «Сабақты қортындылау,бекіту» математика пәні мен информатика пәні оқытушылары Ш.Курбанова, Е.Жұманов; «Кері байланыс» ағылшын тілі пәні,  педагогика,психология пәні,математика пәні оқытушылары: Д.Омарова, Е.Исаев, Қ.Абишева «Критериалды бағалаудың маңызы» педагогика пәні оқытушылары: М.Теңізбаева, Г.Маули;

2-семинар   Тақырыбы: «Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру» іс-тәжірибе алмасу семинары өтілді.

Мақсаты:Жаңаша оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін назарға ала отырып, оқытушыларға қалай оқыту керектігін үйренуде көмек көрсету;

Міндеттері:

1.Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдердің білім сапасын арттырудағы рөлін айқындау;

2.Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ету;

3.Теория мен іс-тәжірибенің сабақтастығы арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдарын өзіндік іс-тәжірибеде көрсету,насихаттау;

Күтілетін нәтиже:

1.Оқытушылар танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйренеді;

2.Өзін-өзі реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында  инновацияларды зерделейді.

3.Оқытушылардың оқыту мен оқудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінеді.

Педаглгика,психология пәнінің оқытушысы Р.Уаджитова «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны»; ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Сатығұлова «Пән бойынша сабақты жоспарлау»ҰМЖ.ОМЖ.ҚМЖ»;  ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.Полтиева «Эффективное обучение»; география,тарих пәнінің оқытушылыры А.Жұмабаева,К.Михева «Критериалды бағалау-сапалы оқу кепілі»; ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Л.Азнабаева «Разроботка заданий по формотивному обучению.Работа сУМК учебных предметов; информатика пәнінің оқытушылары Б.Үсенов, Қ.Құсайынов «АКТ құралдарын сабақта тиімді пайдалану»

«Зияткерлік серпіліс: жастар, ғылым және инновациялар» тақырыбында студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстырып, ғылыми ізденіске бағыттайды. Осы мақсатта  2 студент  аймақтық жобаға қатысып, жүлделі орын алып, Облыстық «ҚР Кіші ғылым Академиясының Алматы облысы бойынша XXVIII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «» тақырыбындағы  баяндамасын ұсынғаны үшін  Сыдықбек Назым II дәрежелі дипломмен марапатталды- жетекшісі-Ж.Рахметжанова; Урумбаева Айым III дәрежелі дипломмен марапатталды- жетекшісі - Қ. Абишева   

  

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location