05 Қараша 2020
646

Ата-аналарға арналған тернинг

Ата - аналарға арналған тренинг
Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! әріптестер!

Бүгінгі «Барлық әлем мен үшін!» апталығына орай ұйымдастырылған «Ата – аналарға арналған» тренингке қош келдіңіздер.
Мақсаты: сіздердің көңіл – күйлеріңізді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Қатысушылар: ата – аналар, мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық
Көрнекіліктер: тақта, бейне слайд, фламастерлер, ватман т. б
Жоспар:
1. Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру.
2. «Бақыт деген не өзі»
3. Аяқталмаған сөйлем
4. Ата – аналарға сөйлем
5. «Суреттер сөйлейді» ойыны
6. Флеш – моб
7. Релаксациялық жаттығу
8. Сабақ аяғындағы көңіл – күйді көрсету.

Жүргізуші: Тренингті бастамас бұрын, танысып алайық, «Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру» ойынын өткізейік. Әрбір қатысушы өз отбасын гүл бейнесінде салып таныстырып өтеді.
Келесі жаттығуымыз «Бақыт деген не өзі» деп аталады.
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. « Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Ортаға топ жетекші шақырылып тапсырма беріледі; бүгінгі қатысушылардың ішінен ең бақытты деген кісілерді орын - орнымен тұрғызу.
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
«Аяқталмаған сөйлем»
5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
Сәби бақыты, ол –
Ата - ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер - азамат бақты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп - көп рахмет.
Ата - аналарға ұсыныс!
(оқылып, таратылады)
Релаксациялы жаттығу. (жағымды, жай әуен тыңдалады)
Жүргізуші: ыңғайлы отырыңыз. Бүгін біз ұшқыш кілемімен саяхатқа шығамыз. Кілем ауаға көтерілуі үшін босаңсуымыз керек. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Көзімізді жұмамыз. Қолымыздың саусақтары жылынады, қолымыз жылы және ауыр. Жылу аяқ қолдан жоғарылап, іш, кеуде, арқаға жылжыды. Бетіңіз босаңсыды. Ұшқыш кілем жаймен жоғары көтеріліп келеді. Міне, ұшып та кеттіңіз....
... Үлкен үстелдің үстімен ұшып барасыз. Шағалалар ұшып жүр. Жағалауда қайықтар тербеліп тұр. Көгілдір бұлттар жөңкілуде. Бұлттардың кейбіреуі үлпілдек қоянға, біреулері мақтаға, кішкентайлары ақ мысыққа ұқсайды. Кілем ақырындап жерге түсіп келе жатыр. Міне, сіз әдемі бақтың ішіндесіз. Айнала гүлге толы, бәрі сізге басын изеп, сәлем беруде. Сіз бақтағы соқпақ жолмен жүріп алаңқайға шықтыңыз. Балалар доп ойнап жүр. Сіздің аяғыңызға доп домалап келді. Сіз допты көтеріп, жоғары лақтырасыз, доп ұшып кетті. Бұл немене? Сізде ұшып барасыз. Өзіңіз ұшқыш кілемсіз ұштыңыз. Қолыңыз екі жағыңызда құс сияқты ұшып кетесіз. Міне, сізге таныс көл көрінеді, шағалалар қанаттарын бұлғап сәлем жолдауда. Қайықта отырған балықшы сізге қол бұлғайды.
Сіз әрі қарай ұшасыз. Қасыңызда үлпілдек мысық сияқты бұлт бірге келеді. Сіз төмен түсе бастадыңыз. Міне орнымызға да келдік. Мысық сізге ілесіп келеді. Жып жылы мысық сіздің алдыңызда отыр. Оны сипаңыз да қасыңызға отырғыңыз. Серуен сізге ұнады деп ойлаймын.
Енді алдарыңыздағы стикерлерге серуенде көргендеріңіздің суретін салып, тілек тілеп, тақтаға табиғат бейнеленген плакатқа жапсырыңыз, дауыстап оқыңыз.
Сабақ аяғындағы көңіл - күйімізді көрсетеміз.
Естелікке суретке түсу

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location