03 Қараша 2020
760

ҚАШЫҚТАН ОҚУ КЕЗІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 10 КЕҢЕС

1.”Жағдайды қабылдаңыз”. Өмірімізде түрлі қиын жағдайларлар болғанда, оны қабылдамай, басқаша болғанын қалайтынымыз рас. Бірақ сол жағдайды қабылдамай, дұрыс әрекет жасамайтыныңыз анық. Күз келгенін қабылдамай, жаздық киім киініп, суға шомылуыңызды жалғастыра алмайтыныңыз анық. Ендеше үлкен әлемнің кішкентай бөлшегі болғандықтан, әлемдегі жағдайды сол қалпында қабылдап, кішкентай үлесіңізді қосу сіздің адамзаттық парызыңыз.

2.”Түсінуге тырысыңыз”. Стефан Кови: «Бірінші түсініп көріңіз, содан кейін барып өзіңізді түсінгенін қалаңыз». Өйткені, өзгелерді түсіну арқылы сіз өзіңізді де тани аласыз. Отбасыңызбен бірге отырып астанып, ұзақ уақыт бірге өткізуді ойлаған шығарсыз, ендеше қарым-қатынастарыңызды жақсартып, үйде жағымды ахуал орнататын кезең деп қабылдаңыз. Жақындарыңызға түсіністікпен қарап, өзара тіл табысу және берекені басты құндылылық етіп қойыңыз.

3.”Минусты плюске айналдырыңыз”. Елдегі жағдайдың минус жағынан плюс жағын тауып алыңыз. Отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға, өзіңізді дамытуға үлкен мүмкіндік деп ойлаңыз.

4.”Ең бірінші жоспар құрудан бастаңыз”. Жеке дамыту жоспарын құрып, алдағы уақытыңызды дұрыс пайдаланыңыз, осындай кризистік жағдайдан кейін оң өзгерістер мен мүмкіндіктерге қол жеткізуге әбден болады.

5.”Атқаратын жұмыстарыңыздың тізімін жазыңыз”. Бұрындары шегеріп жүрген істеріңізді тізімдеп жазып шығыңыз, барлық отбасы мүшелері жазып, іліп, сол істі қолға алса, өте тамаша. Өйткені, миға бағдарлама болып, жинақылық келіп, мотивация болады, бұл әрекетіңізбен позитивті ойлар тууға жағдай жасайсыз.

6.”Отбасыңыздың және өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы өтуіне жағдай жасаңыз”. Фантазияңызды қосыңыз, актерлік шеберлігіңізді қосыңыз. Отбасында ортақ іспен айналысу, бір мақсатқа ұмтылу қарым-қатынастың жоғары деңгейіне әкеледі.

7.”Белсенді болыңыз”. Осы уақыт сізді өсіруге арналған деген бағдарламамен кітап оқып, онлайн ағылшын курсына, марафон, вебинарларға қатысып, өзіңізді қамшылаңыз. Физикалық жұмыс, (үй тазалау) миды негативті ойлардан арылтады, энергияның дұрыс бөлінуін реттейді.

8.”Негативтен де өзіңізді карантинде ұстаңыз”. Негативті ақпараттарды таратпаңыз, зейініңіздің фокусын негативке жұмсамаңыз, ресми дәлелденбеген ақпараттардан аулақ болыңыз, өйткені, негатив денеңізде қалары анық.

9.”Отбасыңызбен  кинотерапия жасаңыз”. Киноны да жай көрмеңіз, өзара анализ жасап, несімен ұнады, негізгі идеясы неде, өзіме қандай “+” жағын алдым деп көріңіз. Сауалдар төңірегінде талдау жасап, ұнаған цитаталарды жазып алыңыз.

10.”Жаныңыздағы жандар айнаңыз”. Өзіңізге қараңыз, үйде әдемі киініп, өзіңізге әдемі күтім жасап, денсаулықтарыңызға қарап, үй жағдайында өзіңізді дамытуға көңіл бөліңіз. Психологияда “отзеркаливание” деген түсінік бар, басқа жаннан жаман қылық көріп тұрсаңыз, ол сіздің де бойыңызда бар дүние. Ендеше өзіңізді дамытыңыз.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location