Мейірімділік әрбір жанның бойында бар қасиет. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” деген Ш. Құдайбердіұлы.
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. 1 қазан «Қарттар күні» мерекесіне «Мейірімділік - асыл қасиет» акциясы аясында колледж студенттері мен топ кураторалары, ата-аналары колледждің ардагер ұстаздары мен қызметкерлерін үйлеріне барып, мерекелік құттықтаулары мен құрметтерін жеткізді. Барлық ардагер ұстаздар мамандықққа қатысты қызықты сәттерімен, естеліктерімен бөлісіп, студенттерге ақ баталарын берді.
https://zhgtk.kz/kz/2019-02-25-12-42-38/2019-09-16-06-06-03/2020-10-30-09-11-40/263-mejirimdilik-asyl-asiet#sigFreeId9c266ba113