05 Қараша 2020
692

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫС ТУРАЛЫ

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Жастардың бойына ұлттық сананы қалыптастыру және халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған рухани құндылықтары негізінде тәрбие­леу бүгінгі күннің талабы болып табылады. Қоғамдағы жастар тәрбие­сі – мемлекет деңгейіндегі маңызды мәселелердің бірі. Себебі мемлекеттiң жастар саясаты мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жү­йесі екені белгілі.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-­ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деп атап көрсетті.

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жалпы адамзаттық құндылықтар –отбасылық тәрбиенің негізі» тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Панфилов аудандық прокуратурасы Б.Аманов, Панфилов АПБ-ның ювеналды полиция инспекторы А.Сақабаев қатысып, жасөспірім тәрбиесіне қатысты баяндама оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Жастар тәрбиесіндегі басым бағыттардың бірі тарихымыздың тереңінен бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың рухани құндылықтарын негізге алу болып табылады. Отанын сүйетін, тарихымен мақтана алатын, тілі мен мәде­ниетіне құрметпен қарайтын, дәстүрін сыйлайтын жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Тек сонда ғана ертеңгі күні еліне қорған болатын, жаһандану заманында ұлтының шырағын сөндірмейтін, тілінің құрып кетуіне жол бермейтін, жасампаз елінің жаңа тарихын жасайтын ұлт көшбасшыларының шығары сөзсіз екені туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Диханбаева өз сөзінде айтып өтті. Колледж психологы Ж.Шулгауова қашықтықтан оқу жағдайын психологшиялық кеңестер берсе, медбике Б.Смагулова қазіргі жұқпалы аурулар, олардың алдын алу туралы кеңестер беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндірді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location