05 Қараша 2020
5851

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН  ҰСТАНАЙЫҚ!

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланыс-ты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені — өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Елімізде  жарияланған  карантин кезінде өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығын күту әр жанның міндеті. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.

Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай  биік көтерейік!

Өміріміз — өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНЫҢЫЗ.

Жағымды көңіл-күй, ұйқы және демалыс режимін сақтау, қалыпты дене белсенділігі, таза ауада серуендеу, тамақтанудың теңдестірілген рационы — салауатты өмір салтының ,әсіресе болашақ ата-аналар үшін маңызды болып табылады. Олар түрлі сынақтарды бастан өткеріп, өз денсаулығына үнемі қамқорлық жасау пайдалы әдетке айналуы тиіс.

COVID-19 коронавирустік жұқпасы – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирустен туындаған жұқпалы ауру.

Аталған вирустың әсері жөтел, қызу көтерілу, күрделі жағдайларда өкпе қабынуы секілді белгілерімен респираторлық тұмау ауруларының дамуына әкеледі.

 

Індеттің таралуы;

 Жаңа коронавирус ең алдымен індетті жұқтырған адаммен жақын байланыс орнату, яғни, келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ сілекей тамшылары арқылы тарайды. 

 Короновирустың белгілері қандай?

 Коронавирус адамның өкпе жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін.

БДҰ мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін.

 

 Короновирустан қалай қорғану қажет?

  • Қолды өте жиі 20 секунд бойы сабындап жуу (микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі);
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
  • Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
  • Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, тойлар мен  жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
  • Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
  • Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
  • Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
  • Бөлмені жиі желдетіңіз;
  • Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
  • Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
  • Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
  • Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

 Ұсыныстар мен шектеулер:

  1. Барлық қызметкерлер мен білім алушыларға немесе жатақхананың территориясына кірерде міндетті түрде:
  • қолыңызды антисептикпен жиі тазалап тұрыңыз;
  • қорғаныс құралдарын қолдану (медициналық бетперделер);
  • университет немесе жатақхана территориясына кірерде жылу өлшегіш құралдар арқылы дене қызуын өлшеу;
  • адам көп жиналатын қоғамдық орындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • қол алысып амандасу, сүйісу, құшақтасу секілді физикалық байланыстан бас тартыңыз.

 

  1. Тұмау, дене қызуының көтерілуі секілді белгілер байқалған жағдайда барлық қызметкерлер мен білім алушылардан:

- үйде қалып, жедел медициналық көмекке 103 жүгінуіңізді;

- ауырған жағдайда Университеттің медициналық қызметіне, басшылығыңызға хабарлауыңызды сұраймыз.

 

  1. Білім алушыларға, жатақхана тұрғындарына өзін-өзі оқшаулаудың қатаң тәртібін ұстануға кеңес береміз:
  • Өз бөлмелеріңізде болыңыз, өзге көршілеріңіздің бөлмесіне баруды шектеңіз;
  • бір ғимаратта 4-тен көп адамның жиналуын болдырмаңыз;
  • азық-түлік дүкені мен дәріханаға барудан бөлек, жатақхана территориясынан шығуды шектеңіз;
  • адам көп шоғырланған орындарға бармаңыз, сондай-ақ, қоғамдық көлік пен такси қолданбаған жөн.
  • Жатақханадан тыс жерлерде 1 сағаттан артық уақыт қалмаңыз.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location