30 Қантар 2021
1219

Практика әдіскерлерімен жұмыс

Студенттерді мамандыққа кәсіби бейімдеу, бастауыш сынып оқушыларымен өткізілген сыныптан тыс жұмыстарды талдау мен саралау арқылы тәжірибелік дағды қалыптастыру, практика кезінде атқарылған жұмыстарға есеп беру, бақылау, бағалау, жас ұрпақты тәрбиелеудегі жаңа мүмкіндіктерді ашуға ықпал ету мақсатында Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде «Practical skills-студент жетістігі»  тақырыбында 9-ақпан күні практиканың қорытынды есеп беру шарасы өткізілді.

19.01.2024-09.02.2024 ж. аралығында өткізілген «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістерін,құралдарын, нысандарын қолдану» практикасы бойынша (практика әдіскері Н.С.Асанова) колледждің 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша оқитын 1  курс  112  топ студенттері іс – тәжірибе кезінде қалыптасқан біліктері мен дағдыларын көрсетіп, практика жұмыстарын қорғады. Атап айтқанда, тәрбие жұмыстары, сынып сағаттары, оқушылармен, ата-аналармен жұмыс, педагогикалық, психологиялық бағытта жүргізген диагностикалық жұмыстар, социометрия, т.б. атқарылған жұмыстардың есебін берді.


26.01.24-15.02.24 ж аралығында Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин, Б.Момышұлы және №6 мектеп интернатында 305-топ машықкерлері «Ағылшын тілі» пәні бойынша байқау іс- тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибеде  өтілген сабақтар бойынша «Болашақ кепілі - құзырлы маман қолында» атты қорытынды конференция өткізді. Конференция үш кезеңнен тұрды:

1 кезең:  “Интервью” - мектеп пән оқытушылары мен оқушылардан алынған кері байланыс;

2 кезең: “Идеялар жәрмеңкесі” - сабақ кезеңдері арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу кезеңінде машықкерлер колданған әдістерін практика жүзінде көрсетті;

3 кезең: “Ситуациялық сұрақтар” - электронды спиннердің көмегімен сұрақтар қойылып, машықкерлер ұтымды түрде, түрлі ситуациядан шығу жолдарын ұсынды, іс-тәжірибемен байланыстырды.

Әдіскерлері: Абдрахимова Г.Б, Палтиева Г.П, Ниетбаева Б.Б, Турабаева Т.Н, Минаждинов Д.Б.  


 

Атауы Жүктеу
1 Әдіскерлермен жұмыс
2 Дипломалды практикасына дайындық

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location