30 Қантар 2021
1557

Студенттермен жұмыс

Дуалды оқыту –  еңбек нарығында бәсекелесе алатын түлектерді кәсіби дайындаудың шарты

 

Дуалдық оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл жүйе бойынша оқушылар өндірісте (белгілі мекемеде) еңбек ете жүріп, қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін ғана теориялық оқуға арнайды делінген.

Дуалды оқыту жүйесінің басты мақсаты - бәсекеге түсе алатын мамандығы бар, кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін жоғарылатуға ұмтылған жас тұлғаны  кәсіби өсіру болып табылады.

Біздеде осы орайға байланысты 2018-2019 оқу  жылында  дуалды оқыту жүйесіне  0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша студенттер қабылдап, біршама жұмыстар жүргізіліп келеді. Әлеуметтік серіктестеріміз  «Таңшолпан», «Алтын ұя» балабақшаларымен біріккен жұмыстарда айтарлықтай.

Студенттердің өндірістік практикасы өткізілетін әлеуметтік серіктестермен, кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен екі жақты келісім – шарттар жасалынған.

2020-2021 оқу жылында дуалды оқыту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсек, 01 қыркүйектен – 14 қыркүйекке дейін «Баланың алғашқы күні» іс-тәжірибесінен өтті. Әдіскерлер Г.Маули, С.Иргебаевалар жетекшілігімен өткен іс-тәжірибе өз деңгейінде ұйымдастырылып,әр студент өз тұрғылықты мекен-жайларынан өтті.       15қыркүйек -12 қазан аралығында байқау іс-тәжірибесі жүргізілді.Іс-тәжірибенің әдіскерлері Г.Маули, С.Иргебаева өз жұмыстарын жалғастыра отырып,машықкерлердің байқау практикасын сапалы өтуіне бақылау жасады. Әр тапсырма платонус платформасына салынып, кері байланыс жүргізілді.       13 қазан – 09 қараша аралығында өндірістік іс-тәжірибе жүргізілді. Бұл өндірістік  іс-тәжірибенің жұмыс оқу бағдарламасы дайындалып бекітілді. Өндірістік іс-тәжірибені жүргізуге «Таңшолпан» балалар бақшасының әдіскері мен тәрбиешілері жүргізді. Студенттер өздеріңізге белгілі 60/40 оқу жоспары бойынша оқитындықтан көп бөлігі іс-тәжірибеде өтулеріне байланысты теориялық білімдерін іс-тәжірибеде кеңінен қолдана алады. 1,2 курсқа қарағанда студенттердің тәжірибелерінің өскендігі байқалады. Өздерін іс-тәжірибеде еркін ұстайды, тәрбиешінің атқаратын барлық міндеттерін орындап үйренді. Осы студенттердің ішінен ерекше атап өтсек Ержанқызы Айжан өздеріңізге белгілі «World Skills» байқауының 3 -орын жеңімпазы  атанды. Жетекшісі Махметова Айгүл Абланқызы.Алматы қаласы жоғары политехникалық колледжі  ұйымдастырған «Адами капиталды дамыту - Polytech-тің басты басымдығы» атты халықаралық семинарына  оқытушы А.Жүнісова, Ж.Рахметжановалар қатысып, тәжірибелер алмасып, бұл техникалық бағытта  оқуға тиімді екенін көрдік. Осы семинарда әлеуметтік серіктестермен байланыс орнату, бірлесе шаралар ұйымдастыру, кез-келген жұмыстағы қиыншылықтар т.б. мәселелер айтылды. Дуалдық оқу топтарының жұмыспен қамту үлесі жоғары  екендігі және ол семинарда жұмыс берушілерде қатысып, өз пікірлерін білдірді.Семинардың барысында дуалдық оқу бойынша жаңа нормативтік құжаттың қажет екендігі мәселе ретінде көтеріліп, оны өңдеп қайтадан өндіріске ұсыну туралы ұсыныс берілді. Семинарға қатысқан өкіліне ұсыныстар айтылды.      Колледждің 2020-2025 стратегиялық жоспарына сәйкес дуалды оқыту бойынша жоспарланған, сондықтан 2021-2022 оқу жылына дуалды оқыту бойынша студенттер қабылдану жоспарланды. Ендігі мәселе  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы оқытушыларына белсенділікті, жауапкершілікті талап етеді.

 

 

Өндірістік іс-тәжірибе көріністері

 

 

Атауы Жүктеу
1 Студенттермен жұмыс
2 Мамандығым-мақтанышым 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location