25 Ақпан 2019
6584

Колледж тарихы

Жаркент гуманитарлық–техникалық  колледжі  1929 жылы Жаркент  қаласында мұғалімдік мамандық беретін курс

болып ұйымдастырылып, кейіннен педагогикалық  техникум,  педагогикалық  училище болып атанды. Соғыс жылдарында қалаға генерал Панфилов есімі беріліп, оқу орны 1942 жылы  Панфилов  педагогикалық  училищесі  атанды.

Алғашқы жылдары 5-6 мұғалім болашақ мұғалімдерді оқытумен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданды. 3 курстық техникумды жыл сайын 30 түлек бітіріп отырды. Сол жылдары оқушылар есебінен контингент санын өсіруге рұқсат етуіне байланысты даярлық бөлімі ашылып, 5-6 сыныптық білімі  бар оқушылар қабылданды және қазақша бөлім ашылды.

Соғыс жылдары оқыту ауқымы ұлғайып, орыс бөлімі ашылды. Кадрлардың жетіспеушілігінен 1 оқытушы 2 тілде сабақ жүргізді. Педагогикалық практика сол кездегі Молотов атындағы, қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы мектепте өткізілді.

Мұрағаттық деректер бойынша  1942 жылы қазақ бөлімінде 130, ұйғыр бөлімінде 32 студент оқыды. Оларға 34 оқытушы қызмет етті.

1950 жылы Лепсі мен Қапалдағы оқу орны жабылып, онда оқып жатқан оқушылар Панфилов педучилищесіне ауыстырылды. 1959 жылы мектеп бөлімімен қоса сырттай оқу бөлімі ашылды. Бөлімде «Бастауыш сынып мұғалімі» мен «Балалар бақшасының тәрбиешісі» мамандықтары бойынша мамандар даярлана бастады.

1982 жылы педучилище жаңа ғимаратқа қоныс аударды, 400 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

Жаңа дәуірдің жаңаша талаптарына сай педагогикалық училищеге колледж мәртебесі берілді. Колледжде мамандарды даярлайтын мамандық саны 7-ге жетті. 1995 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» мамандықтары  ашылды.

ҚР  Білім  министрлігі  алқасының  №6 17.06.1993ж  шешімімен  Панфилов  педагогикалық  училищесі  Жаркент  педагогикалық  колледжі  болып қайта  құрылды.

Облыстық  білім  басқармасының  №102  19.04.1999ж бұйрығына  сәйкес Мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорын «Жаркент 

педагогикалық  колледжі» болып  өзгертілді. 

7.05.2009 жылы №86 Алматы облысы әкімінің Қаулысымен «Жаркент  педагогикалық колледжі» мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорны «Алматы  облыстық  білім  басқармасы» мемлекеттік  мекемесінен «Жаркент  гуманитарлық-техникалық  колледжі» мемлекеттік  казыналық  кәсіпорны  болып  өзгертілді.

2013 жылы облыс әкімдігінің 14.06  №170 Қаулысымен «Жаркент  гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік  казыналық  кәсіпорны  «Алматы  облыстық  білім  басқармасы» мемлекеттік мекемесінен «Жаркент  гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып  өзгертілді.

Білім беру қызметімен  айналысу Бас лицензиясы 07.10.2013ж №13015705

Оқу-тәрбие жұмысы осы заманғы озық үлгіге сәйкестендіріліп, қоғамдық-саяси, мәдени бұқаралық шараларға қатысу белсенділігі арта түсті. Осы жылдары педагогикалық ұжымның әлеуметтік-әдістемелік белсенділігі арта түсті. Колледж оқытушылары мен білім алушылары әртүрлі облыстық, республикалық педагогикалық басылымдарға мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдар, ұсыныстар жариялады.Тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеуге, сана-сезімін оятуға, салауаттылық, адамгершілік, имандылық қағида-қасиеттерін бойына сіңіруге ерекше мән берілді.

 2010-2012 жылдары оқу орнының білім беру ауқымы ұлғайып, «Ақпараттық жүйе», «Аударма ісі», «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету», салалары бойынша білім беріле бастады.

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжіне 08.08.2009ж.  Алматы облысының білім басқармасының №310 бұйрығымен АБ 0051041 мемлекеттік лицензиясы және №0105776 қосымшасы берілген.

Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  « Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Жаркент гуманитарлық -техникалық колледжі» мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық кәсіпорнында даярланатын мамандықтар:

0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру»

0103000   «Дене тәрбиесі және спорт»

0105000   «Бастауыш білім беру»

0111000   «Негізгі орта білім беру»

0108000   «Музыкалық білім беру»

1305000   «Ақпараттық жүйе»

0511000   «Аударма ісі»

0512000  «Туризм»

0107000   «Технология»

0507000   «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру және қызмет көрсету»

 

Ой-пікірлер (4)

  1. анон

мен осы колледждің студентымын, менің оқуға түсүім колледждің 90-жылдығына сәйкес келгеніме қуаныштымын! шәкіртақы көтерілді, жатақхана тегін, және колледждің жалпы жағдайы жақсы.Бәріңізге ұсынамын

  Attachments
 
  1. Нурс

Мен осы колледждің студентімін,болашақ оқушыларды осы оқу орнына шақырамыз жатахана тегін білімі жоғары

  Attachments
 
  1. Темірлан

Біз осы колледжге түскенде 90 жылдыкты атап өтті.Биыл тағы шәкірт ақыны кобейтті .Мен сіздерді осы колледжге шакырам.

  Attachments
 
  1. Диля

Мен қәзіргі таңда ЖГТК 1-курс студентімін. Біз оқуға түскенде колледждің 90-жылдық мерей тойы болды.
Біз осы колледжге оқуға түскенімізге қуаныштымыз.

  Attachments
 
Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location