25 Ақпан 2019
2401

КӨРІНІС, МИССИЯ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯ

Көрініс

 

Жетісу өңіріндегі заманауи үдерістерге үн қосып, білім беру мен тәрбиелеуде, кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновация жағынан алдыңғы қатарда болу. Колледждің оқыту үдерісіне жаңаша бағыттарды енгізіп, үштілділік және модульдік оқыту жүйесі арқылы орта буын мамандарын даярлау. Заманауи техникалық және инновациялық ресурстармен жабдықталған, аймақтағы көшбасшы оқу орны болу. Республикада жетекші оқу орны ретінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ету және отандық дәстүр мен әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттік саясаттың білім беру саласының алдына қойған міндеттерінің бірі-білім беру ісін мазмұны мен құрылымы жағынан өзінің жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлерін жаңарту, колледжді білікті орта буын мамандарын дайындайтын оқу орнына айналдыру.

Колледж миссиясы:

XXI ғасыр дағдылары бойына қалыптасқан, құзіретті маман дайындау.

 

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар

  • Ұйымдастыру - басқару
  • Колледждің оқу, ғылыми-әдістемелік жұмысын жетілдіру
  • Ақпараттық-білім беру қызметі
  • Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
  • Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту

 

Стратегиялық міндеттері:

  • Білім берудің мемлекеттік стандарттарын және жаңартылған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеп тәжірибеге енгізу;
  • Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру,болашақ мамандардың инновациялық әлеуетін іс-жүзінде таныту;
  • Білікті маман даярлауда дуалды жүйе аясында білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • Студенттердің кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру;
  • Жұмысшы мамандарды даярлаудың нәтижелілігін арттыру;
  • Колледж ұжымы мүшелеріне әлеуметтік тұрғыда көмек көрсету, денсаулықты сақтаумен қамтамасыз ететін, әлеуметтік жағымды ахуал туғызатын мәдени білімді ортаны қалыптастыру;
  • Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту;
  • Модульді білім беру бағдарламасына көшу және қолданбалы бакалавриатты экперимент режимінде енгізу.
  • Жастардың ұлттық интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру. Жоғары өркениетті ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.
  • Біртұтас рухани-адамгершілік және кәсіби білімді жүзеге асыратын педагогикаклық кадрларды дайындауды орындау.
  • Жас мамандардың кәсіптік қарым-қатынас жасауына және шығармашылық идеялар мен тәжірибе алмасуына ықпал ету.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location