25 Ақпан 2019
2557

Жетістіктер

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің әртүрлі деңгейдегі байқау жетістіктері

 

 

Дүниежүзінің оқу орындарын сан түрлі бағыттар бойынша саралап отыратын Халықаралық «Үздік адамдар» энциклопедиясы  басылымының жоғары қоғамдық  қоры 2013, 2015 жылы Жаркент гуманитарлық – техникалық колледжі талантты шәкірттер тәрбиелеп, білім – білік, өнер сайыстарына қатысқан 10 оқытушы және республикалық, халықаралық білім сайыстарының жүлдегерлері, спорттық жарыстардың халықаралық және  әлем біріншіліктерінің  алтын, күміс жүлдегерлері атаған 10 білім алушының жетістіктері енді. 


 

2013  жылы желтоқсан  айының  18-інде Париж қаласында Францияның халықаралық өндірістік ғылыми ассосациясының   «SEIN» алтын медалімен колледж “Инновациялық технологияларды  дамыту” номинациясы  бойынша  байқауда үздік деп танылып,  колледж  лауреат атанды.  

 

 

 

 

2014 жылдың  26 –мамырында  Швейцарияның  Женева қаласында Халықаралық  “Еуропалық  сапа Бас  жүлдесінің”  байқауында   Жаркент  гуманитарлық-техникалық  колледжі  лауреататанды.

 

 


2015 ж колледж Швейцарияда «INSAM» жоғарғы бизнес  және  басқару  институтының аналитикалық зерттеуінің  нәтижесінде үздік оқу  орны деп  танылып, «Золотая  Сова» үздік  оқу  орны  атағын жеңіп алып халықаралық Сертификатпен марапатталды.

 

 


ҚазақстанРеспубликасындағы  Ұлттық  бизнес  рейтинг орталығының  ұйымдастыру  комитеті  экономика  және  қаржы  саласындағы  жетістіктері үшін  колледж   «Сала Көшбасшысы - 2015» Ұлттық  Сертификатымен  және  Алтын  медалімен марапатталды.

 

 


2016 жылы   Қазақстан  Республикасы  Халықаралық   экология, инженерия  және  педагогика  Ғылымдар   Академиясының  ұйымдастыру  комитетінің халықаралық  рейтингісі  бойынша   білім  және  ғылым саласындағы  жетістіктері үшін  Жаркент  гуманитарлық-техникалық колледжі үздік деп танылып «Білім көшбасшысы - 2016» Алтын  номинациясына  І  Ұлттық сыйлыққа  ие  болып  Сертификатпен марапатталды.

 

 

 

 

Облыстық «Үздік  кәсіптік  білім  беру  мекемесі» байқауының 2012,2013,2014 жылғы жүлдегері атанды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location