25 Ақпан 2019
2377

Қамқоршылық кеңес

Атауы Жүктеу
1  Қамқоршылық кеңес мүшелерін бекіту бұйрығына (бұйрық 2023ж.04.08. №47) өзгеріс енгізу туралы  

2017-2018 оқу жылына ҚР БҒМ 2017 жылғы 27-шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің Үлгілі қағидаларын бекіту туралы ҚР нормативтік актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 ж 29- тамызда № 15584 тіркелу бойынша қайта жасалып, колледждің Қамқоршылық кеңесінің Жарғысы Әділет басқармасында бектіліді. Қамқоршылық кеңесті сайлау және құрамы бойынша 9 адам сайланды. Оның ішінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестер, ата-аналар комитеті ұсынған ата-аналар. Колелдждің қамқоршылық кеңес мүшелері студенттердің құқықтарының сақталуына, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелері жөнінде шараларды жетілдіруге, ұсыныстар беруге, колледжде өткізілген конференцияларға, ашық есік күндеріне, мерекелік іс-шараларға, семинарларға белсенді түрде қатысады. 

Қамқоршылық кеңесінің басқару комиссиясы «Үміт», «Сенім», «Ұлағат», «Мұрагер» топтары колледждің көпшілік мәдени ағарту, материалдық-техникалық базаны нығайту, сауықтыру спорт шараларын, колледж ұжымы мен қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізеді. Қамқоршылық кеңес мүшелері ата-аналар жиналысына қатысып, бала тәрбиесі, студенттердің колледждің ішкі тәртібін сақтауы туралы мәселелер бойынша өз ұсыныстарын ұсынады. Қабылдау емтихандарына бақылаушы ретінде емтихандарға қатысты.Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттарына сәйкес колледжде оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал етеді, оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыруда білім алушылар мен педагогикалық ұжымы үшін жағдайлар жасалады. Колледжге қаржылық қолдауды материалдық-техникалық базасын нығайтуға, яғни ағымдағы жөндеуге көмектесуді, мерекелік мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз етеді, колледждің тыныс-тіршілігіне, тәрбиелік даму динамикасына ықпал етеді.Қамқоршылық кеңес қызметінің міндеттеріне сәйкес қамқоршылық кеңес мүшелері ата-аналар комитетімен бірлесе отырып колледждің әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге қажетті жағдайда қатысады. Тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету жұмыстарына белсене араласады. Білім алушылар арасында әлеуметтік жағынан төмен отбасыларынан шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуға және еңбекпен қамтуына ықпал етеді.

 

Қамқоршылық кеңес туралы мәлімет

 

Білім беру ұйымының атауы Құрылған уақыты Қамқоршылық кеңес құрамы
1 Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі 2010

Қамқоршылық кеңестің төрағасы

Мырзакаримова Қ– ата-ана, әлеуметтік   қызметкер

Мүшелері: К.Ахметқалиев   –«Нұр Отан» партиясының аудандық   филиалының   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық   ұйымының төрағасы

А.Е.Келемсейіт – қала әкімінің орынбасары

Е.Қ.Сабденбеков – қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы,   Ауданның Құрметті Азаматы, сот медиаторы

Ш.Ш.Рахметдинов – ауданның ардагерлер ұйымының мүшесі

Р.И.Надырова – Аналар кеңесінің мүшесі, Панфилов ауданының Құрметті Азаматы

И.Ү.Піскембаев – жергілікті ақын жазушы, Панфилов ауданының   Құрметті азаматы, жазушылар Одағының мүшесі

Ш.Ш.Асанова – Б.Назым атындағы о.м директоры

Ш.Е.Ергазинова – аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, колледждің учаскелік полиции

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location