26 Ақпан 2019
1247

«АТА-АНА БАЛА ТӘРБИЕСІ АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМ МЕН СЫЙЛАСТЫҚ, МЕЙІРІМ МЕН МАХХАБАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

«Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясында Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент гуманитарлық – техникалық колледжінде 7 қыркүйекте Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге «Ата-ана бала тәрбиесі арасындағы сенім мен сыйластық, мейірім мен маххабат» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, колледждің Қамқоршылық кеңес мүшелерінің, денсаулық сақтау мекемесінің, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының мамандарының, аудан мектептерінің педагог психологтарының, колледждің ата-аналар комитетінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Алматы облысы Панфилов ауданының Құрметті азаматтары, Қамқоршылық кеңес мүшелері Тохтахунов Р.И., Жергілікті ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі Піскенбаев И.Ү. қатысып отбасы құндылықтарының өзгеру факторларына жаңаша көзқараспен талдау жасады. Колледж директоры Б.Н. Саурамбаева ұлттық негізде тәрбиелеу, құндылықтардың жаңаруы жағдайындағы отбасылық дәстүрлер мен ұстанымдарға тоқталып, ата-аналардың пікірін тыңдады. Колледж әкімшілігі дөңгелек үстел барысында тақырып аясында талданған мәселе бойынша ұсынымдар даярлап, Отбасы күні мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдыра отырып, үлгілі отбасыларды насихаттау, ақпарат тарату жұмыстарын колледжде орталықтандырып жүйелі жұмыс жасауды ұсынды

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location