26 Ақпан 2019
1221

ЕЛБАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ – АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» ЖОЛДАУЫН ТАЛДАУ ЖИЫНЫ БОЛДЫ

Жаркент гуманитарлық – техникалық колледжінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талдау жиыны болды. Жиында колледж оқытушысы М. Жақыбаева жолдаудағы мұғалімдерге қатысты тапсырмаларды талдай келе, бүгінгі күнге қойылған міндеттерді айтып өтті. Оқытушы К. Михева Жолдаудағы іске асырылатын бағдарламаларға тоқталды. Жас маман Н. Кенесова өз сөзінде бұл жолдаудың ерекшелігіне тоқталып, өзінің қолдайтынын айтты. Жас маман С. Баратов жолдаудағы 2019 жылдың «Жастар жылы» болатынына өз қуанышын жеткізіп, колледждегі жастар ісі жөніндегі комитеттің алға қойған мақсаттарына тоқталды.

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location