01 Наурыз 2019
1361

ЕЛ ҮМІТІ-АЗАТ ОЙЛЫ, ӨР РУХТЫ, БІЛІМДІ ЖАСТАР

 

2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына орай 26 ақпан күні «Қазақ және ұйғыр тілдері» ПЦК-ның ұйымдастыруымен Жаркент гуманитарлық- техникалық колледжінде «ЕЛ ҮМІТІ-АЗАТ ОЙЛЫ, ӨР РУХТЫ, БІЛІМДІ ЖАСТАР» тақырыбында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Асыл арна» телерадиокомпаниясының Бас директоры, психология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекпен ғибратқа толы сыр-сұхбат өтті. 


Кездесу барысында Жастардың рухани кемелденуіне, азамат болып қалыптасуына септігін тигізер ғибратты әңгімелері – бүгінгі студент жастардың тәрбиелі азамат болып өсуіне рухани азық болды. Студент жастар өздерінің толғандырып жүрген тақырыптарына байланысты сұрақтар қойып, ұтымды жауаптарын ала білді. 


Сыр – сұхбат кездесуіне, Алматы облыстық студенттер Альянсының директоры, Сүлеймен Демирел университеті Жастар саясаты бөлімінің басшысы – Ванкеев Шамиль Дүйсенғазыұлы,


Алматы облыстық дін істері Басқармасының Панфилов ауданы бойынша теолог-инспекторы Нурақышов Күмісбек мырза Панфилов аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы –Нарымбаев Ерлан Серікұлы және  колледжіміздің ардагер ұстаздары қатысып, кеш соңында колледждің өнерлі студенттері мерекелік концерт қойды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location