01 Наурыз 2019
1818

Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі

 

Жакрент гуманитарлық – техникалық колледжінде 26.02.2019 ж. күні Жастар жылын қолдау аясында «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында №2091 Жаркент шекара отряды қызметкерлерімен кездесу болды.

 

Кездесуге Жаркент шекара отрядының оқу орталығының орынбасары капитан А. Дарибаев, әскери қызметкер прапорщик Л. Батырханова, «Шекарашылар жүрегі» оркестр музыканттары қатысты. Келген қонақтар студенттерге бүгінгі таңдағы ҚР Қарулы күштерінің орны мен рөлі, жастарға патриоттық тәрбиесі туралы кең көлемде мағлұмат берді. Прапорщик Л. Батырханова әскердегі қыз баланың қызметі туралы түсіндіріп, студенттер сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңы «Шекарашылар жүрегі» әскери оркестрдың концерттік бағдарламасына жалғасты. Кездесуден студенттер өздеріне керекті мағлұматтар алды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location