01 Наурыз 2019
5206

Тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі

 

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі дуалды оқыту бойынша 209 топ студенттерінің “Тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі” тақырыбындағы іс-тәжірибенің қортынды колоквиумын іс-тәжірибе қорытындысы бойынша колоквиум “Таңшолпан” балабақшасында өтті.

 

Колоквиумға директордың оқу өндірістік істер жөнінідегі орынбасары Жұманов.Е.Ә балабақша әдіскері Ариновна Ғ. тәрбиешілер және колледж әдіскерлері, музыкант мамандар мен ІІ-кішкентайлар тобы “Күншуақ және Шұғыла ” тобының тәрбиешілері қатысты. Колоквиумда осы іс-тәжірибеде меңгерген жүмыс нысандары мен түрлері, жүргізілетін құжаттар дефилесі, әдістемелік жұмыс жүйесі, болашақ мамандардың оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау жүйесі,жеке жоспар құру, жас ерекшелік топтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеру деңгейін көрсету бойынша балаларға арналған билер мен әндер балалармен бірлесіп орындалды. Балаларға арналған “Айға ұшқым келеді ” ертегі қойылымы көрсетілді. Осы іс-әрекет арқылы біз машықкерлер әрбір баланың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар ұжымымен жұмыс жасау тәсілдерін көрсетті. Маман ретінде дербес ойлау, өзін-өзі дамыту өз ойындағысын жүзеге асыру қабілеттерін, ролдерді сомдауда педагогикалық шеберліктерін, балалармен бірлескен іс-әрекеттерді ұтымды ұйымдастыруда креативтіліктерін көрсетті.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location