06 Қыркүйек 2019
1341

"Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"

05.09.2019 жылы Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген алғашқы жолдауын талқылады.

Жолдаудың әр бағыты бойынша пән мұғалімдері өздерінің баяндамаларын ұсынды. Атап айтар болсақ жолдаудың 1- бағытын философия пәнінің оқытушысы Муқаев Жұмағали,2-бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Құсайынова Күләнда,3- бағыт бойынша тарих пәнінің оқытушысы- Қуатбек Еркін,4-бағыт бойынша педагогика пәнінің оқытушысы Маули Гүлғайым,5- бағыт бойынша тарих пәнінің оқытушысы Джадраева Бағдагүл шығып өз ойларын ортаға салды. Жолдауды талқылаудың соңын жарыс сөзбен ортаға жас мамандар атынан музыка пәнінің оқытушысы –Құлжабек Даулет пен биология пәнінің оқытушысы Тойгулов Мұхтархан сөз алып өздерінің жолдаудағы басым бағыттары бойынша ойларын жеткізді. Сонымен қатар талқылауға Жаркент қаласы әкімдігінің жетекші маманы Бексейітов Медет қатысып жолдау бойынша өзінің ойын жеткізді. Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұжымы Президентіміздің жолдауын қолдап қуаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (1)

  1. Еділ Мамырхан

Жастарга оте кажетты кенестер,Үлгі алуға болады,керемет

  Attachments
 
Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location