10 Қазан 2019
1656

Іргелі ұжымның ілгері істері

Қазақ білімінің қара шаңырағы «Бастауыш білім беру»  мамандығы 1929 жылы ашылған   оқу орны -  мұғалімдік мамандық беретін курстан бастау алады.

Кейіннен педагогикалық техникум, педагогикалық училище,  педагогикалық колледж, жоғары колледж статусы деңгейіне  дейін көтерілген оқу орнының  оқу мен білім саласындағы  90 жылдық толағай  тарихы  «Педагогика және психология» кафедрасында еңбек еткен оқытушылардың  есімдерімен тығыз байланысты. «Ұстазсыз шәкірт тұл» демекші, ерен еңбектің ерекше үлгісі бола білген ұстаздарымыздың оқу-ағарту жұмыстарының  нәтижесінде факультетте білім алған түлектердің ішінен көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, педагогика, психология саласындағы ғалымдар, білікті ұстаздар шықты. Тіпті Ұлы Отан соғысының бірнеше батырлары да осы оқу орнынан  түлеп ұшқан. Айғырбаев Мәмет Абдрейұлы - екінші дүниежүзілік соғысының еңбек және соғыс ардагері.1934 жылғы сол кездегі педагогикалық техникумның «Бастауыш білім беру» факультетінің алғашқы түлектерінің бірі болған.

Педагогика және психология кафедрасы – Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ең байырғы бастауыш білім беру мамандарын дайындаған, кейіннен басқа да педагогикалық мамандықтарды білімге баулыған  іргелі ұжымның бірі. Кафедрада қызмет еткен педагогика, психология пәнінің байырғы ұстаздары, майталман мамандары, Ғабдұлов Рамазан Ғабдұлұлы, Әкімбаева Айша, Азизова Михрибан, Сивовол Екатерина, Дегтярова Наташа, Сүлеменова Күляш Ештайқызы, Нұршаева Шолпан, Сейдаханова Бибінұр Жұмаханқызы, Оразбаева Жаңагүл Қалиқызы,  Әбдіхалықова Шырын Сапарбекқызы   т.б. қабырғалы қайраткерлері республиканың білім мен ғылым саласын өркендетіп жүрген білікті мамандарды даярлап, өлшеусіз үлес қосқан. Ұрпақ тәрбиесіндегі осынау теңдесі жоқ тірліктің тізгінін осы күні кафедра ұжымы  абыроймен жалғастырып келеді. Қазіргі кезде кафедра құрамында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған: Іргебаева Советхан Жұмашқызы, Бозымбекова Камшат Қуандыққызы, Исламова Рехимам Надырқызы, Диханбаева Нұршат Қайратқызы , «Қазақ елінің үздік ұстазы»төсбелгісінің иегері: Асанова Нұргүл Сейткамалқызы, республикалық «Үздік педагог-2018» атағының иегері Теңізбаева Меруерт Молдахметқызы  және т.б. оқытушылар болашақ мамандарға заманауи талаптарға сай білім беруде.  Кафедрада барлығы 20 оқытушы,4 ғылым магистрі бар. Жоғары санатты-9 оқытушы, бірінші санатты-6, екінші санатты 5 оқытушы еңбек етеді.

Кафедра жұмысы үш бағытта жүргізіледі: ғылыми-теориялық, әдістемелік, оқу-тәрбиелік. Өркениетті елдердің білім, ғылым саласындағы озық тәжірибесін оқып-үйрену, оны тәжіриебеге енгізу, сол  арқылы ғаламат жетістіктерге жету-адамзат игілігі үшін істелетін игілікті іс. Солардың бірі әрі бірегейі-жаңартылған білім мазмұны бойынша  барлық кафедра оқытушылары өз білімдерін жетілдірсе, 12 оқытушы КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингі» Кәсіптік білім беру орталығы тарапынан ұйымдастырылған  әр түрлі  курстарға қатысты. 

Кафедрада пән онкүндіктері  жыл сайын креативті түрде  ұйымдастырылып,  колледж оқытушылары арасында өзара іс-тәжірибе алмасуға мол мүмкіндіктер туғызады. Студенттердің сыни ойлауын тиімді оқыту әдістері арқылы дамытуға бағытталған танымдық сабақтардың рөлін арттыру барысында Омарова Динара Анаятқызының, Гүлғайым Маулиқызының, жас маман Кеңесова Нарғыз Кеңесқызының өткізген шеберлік сабақтары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылады. Сонымен қатар облыс көлемінде  онлайн режиміндегі үздік интерактивті сабақтар өткізіліп тұрады.  Оқытушылар колледжішілік, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар мен педагогикалық оқуларға, әдістемелік семинарларға тұрақты түрде қатысып білімдерін шыңдауда. Шәкірттерін   білім нәрімен ғана сусындатпай, ғылым әлеміне де жол салып жүр. Студенттерді  зерттеу жұмыстарына баулып, ғылыми әлеуетін қалыптастыруда әр оқу жылы атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде, оның дәлелі - Сыдықбек Назым І орын (жетекшісі Рахметжанова Ж.Б), Нұрғазы Зарина ІІ орын (жетекшісі Диханбаева Н.Қ), Алымова К, Абыров Р Диплом (жетекшісі Уаджитова Р.Н.), сонымен қатар Ғ.Қ.Каримбаевтың, С.Ж.Іргебаеваның, А.Е.Қоңырбаеваның, А.А.Махметованың шәкірттері  ғылым саласында талай мәрте бақ сынаған.  «Ұстаз шәкіртіне алға бастар талап сыйлайды» демекші, оза шауып топ жарған  студенттердің қатарында «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Қасымжан Арайлым І Халықаралық «Мұғалім-мәртебелі мамандық» атты кәсіптік байқауда І орынды иеленді (жетекшісі Асанова Н.С.) Әр оқу жылы сайын облыстық педагогикалық олимпиадалардан кафедра ұжымы баптаған студенттер үнемі жүлделі орындармен оралуда. Мамандығын мақтаныш етіп, кәсібін берекелі нәсіпке айналдырған, білім беру кеңістігіндегі алмағайып жаңалықтарға төтеп беретін көп қырлы, ізденімпаз, шығармашыл шәкірттеріміздің қатары жыл санап өсуде. Ұстаз үшін шәкіртінің озғанынан артық бақыт бар ма?! Осылайша кафедра ұжымы тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа тарихындағы оқыту мен ғылыми-зерттеу, тәлім-тәрбие жұмыстарының кешенді, сапалы орындалуы жолындағы жемісті еңбектерін жалғастыра береді .

Асанова Нұргүл Сейткамалқызы

«Педагогика және психология» кафедра жетекешісі

 

 

.

Ой-пікірлер (19)

  1. Нургуль

Жарқын істеріңіз молынан болсын, апайлар

  Attachments
 
  1. Маржан

Түртіп алар нәрсе көп

  Attachments
 
  1. Сабина

Өте керемет

  Attachments
 
  1. Мадина

Жақсы жазылған

  Attachments
 
  1. Назгуль

Марапаттарыңыз құтты болсын)&

  Attachments
 
  1. Маржан

Мазмұнды керемет

  Attachments
 
  1. Фариза

Ұнады????

  Attachments
 
  1. Надира

Жақсы

  Attachments
 
  1. Назгуль

Колледждің мәртебесінкөтере беріңіздер, Шығармашылық табыстар тілеймін

  Attachments
 
  1. Маржан

Сөздік қорыныз керемет апай өте жақсы жазылған

  Attachments
 
Ой-пікірлері жоқ
Load More

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location