06 Қараша 2019
1108

Жаркент жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінде 31.10-01.11 күндері колледждің 90 жылдық мерейтойы болды

Жаркент жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінде 31.10-01.11 күндері колледждің 90 жылдық мерейтойы болды.

90 жылдық мерейтой жай ғана тойланбай, алғашқы күні «Келешек білімге барар жолдағы ізденіс, тәжірибе және преспектива» тақырыбында республикалық ғылыми практикалық конференция болып өтті. Конференцияға ҚР бойынша ТжКБ мен ЖОО басшылары, оқытушылары, аудандық білім мекемелерінің басшылары мен ұстаздары, әлеуметтік серіктестер қатысып, баяндамалар оқылып, білім берудегі бүгінгі өзекті проблемалар талқыланып, ұсыныстар жасалды. Конференция соңында үздік баяндамашыларға арнайы дипломдар мен сертификаттар табыс етілді. Мерейтойдың екінші күні колледж үшін ерекше күн болды. Барлық колледждің ардагер ұстаздары мен әр жылдағы түлектер келіп қауышып, өз қуаныштарымен бөлісті. Колледжде жарты ғасырға жуық ұстаздық, басшылық қызмет жасаған ардагер ұстаз Ә.Кенжебековке естелік мемориалды тақтаның ашылуында колледж түлегі ҚР Еңбек сіңірген әртісі Н.Ықтымбаев, колледжде директорлық қызмет атқарған ардагер ұстаз Б.Шин естеліктерімен бөлісті. Одан кейін қонақтар тарихи экспозиция залында колледждің 90 жылдық тарихымен танысып, колледж түлегі Х.Көбіковке қойылған бюстті көріп, өз ризашылықтарын білдірді. Мерейтой аудандық мәдениет үйінде студенттер мен оқытушылардың дайындаған концертік бағдарламасымен өз жалғасын тапты. Концерттік бағдарламада «Ордалы оқу орнына 90 жыл» атты кітаптың презентациясы көрермен назарына ұсынылды. Екі күндік іс – шара барысында колледж оқытушылары мен студенттері әр жастағы ұрпақтар сабақтастығының куәсі болып, үлкен өмірлік тәжірибе жинақтады.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location