23 Қантар 2020
1227

Отбасы психологиясы, отбасындағы психологиялық-эмоциялық қарым-қатынас

Жаркент жоғары гуманитарлық- техникалық колледжінде 21.01.2020ж күні аудандық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақбота Бақытқызының ұйымдастыруымен «Отбасы психологиясы, отбасындағы психологиялық-эмоциялық қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингте отбасы құндылықтары, отбасындағы қарым-қатынас туралы жаттығулар арқылы түсіндіріліп,  болашақ жас отбасыларға отбасындағы жағымды ахуалды сақтауға бірнеше  кеңестер берілді. «Үлгілі отбасы» ретінде колледж директоры Б.Саурамбаева өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, «Бақытты отбасы» деген түсініктің мағынасын халық даналылығымен мысалдар келтіре айтып берді. Тренингтен алған әсерлерімен студенттер кері байланыс жасау арқылы білдірді.

 

.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location