20 Ақпан 2020
1060

Нурбекова Ақмарал Маметқазықызы онлайн режимінде ашық сабақ өткізді.

2020 жылғы 13 ақпанда Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нурбекова Ақмарал Маметқазықызы  онлайн режимінде ашық сабақ өткізді.

0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенттерімен «Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия» пәнінен «Әдебиеттік оқу сабақтарындағы критериалды бағалау» тақырыбында өткізілген ашық сабаққа Алматы облысының көптеген колледждері мен орта мектептері қатысты. Тәжірибелі оқытушы өз сабағында оқытудың заманауи әдістері мен интербелсенді тәсілдерді талғампаздықпен қолдана алды. Ұстаз өзінің жоғары ұйымдастырушылық, коммуникативтік және практикалық іс-әрекетін әдістемелік шеберлігімен негізгі мәселелерді шешуге бағыттай отырып, оқу үрдісінде «проблеманы анықтау-шешу-шешімді қолдану» ұстанымын жүзеге асырды. 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location