01 Маусым 2020
1067

Ел болашағы -  білімді жастар қолында

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық

колледж директоры Б.Саурамбаева

 

Бүгінде білім саласы, оның ішінде техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары  студенттерге қашықтан білім беру бойынша күрделі, маңызды да мазмұнды міндеттер атқаруда. 28.05.2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау туралы онлайн кеңес өткізілді.  Короновирус індетінің таралуын болдырмау және балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жаңа оқу жылына талапкерлер құжатын қабылдау және бейіндік мамандықтар бойынша  емтихан қабылдауға  біршама өзгерістер енгізілу қажет екені анық. Биылғы төтенше жағдай талапкерлерге жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр десек те болады. Мәселен, талапкерлер   колледжге қабылдау емтиханынан босатылып, аттестаттың орта баллдық бағасы бойынша қабылданатыны, мамандық ерекшелігіне қарай шығармашылық емтиханның орнына оқушы жетістігі туралы портфолио жинақтау туралы айтылған ұсыныстарды қолдаймыз.  Бүгінде педагогикалық мамандықтар мәртебесін көтеру Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әр Үндеуінде күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық мамандық – педагогикалық үдерісте тəрбиеленуші тұлғасын тəрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға, өзін еркін жəне шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кəсіби қызмет. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті болғандықтан оқуға қабылдау кезінде жүргізілетін сұхбатқа ерекше мән берілу керек.  «Жақсы педагог болуды армандаған кез-келген  адам педагог бола алады»,деп А.Макаренко айтпақшы, өтініш білдіретін әр талапкер жан-жақты жауапкершілікті, ынталы, өз алдына мақсаты бар жастар болса, оларды  оқытудың әртүрлі белсенді формаларын қолдану арқылы, толыққанды маман ретінде қалыптасуына жол ашатын педагогикалық ұжым нәтижелі жұмыс жүргізуге үнемі дайын.   Талапкерлердің құжат өткізуі  E-gov қызмет  көрсету порталы арқылы жүргізіледі, бұл қадам да болашақ мамандардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Елімізге  келген індетті бірлесіп жұмыс жасау арқылы жеңетініміз анық. Біз біргеміз!

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location