02 Желтоқсан 2020
1002

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ерлік-елдің қасиеті, Жүректілік – жігіттің қасиеті» атты кездесу ұйымдастырылды

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ерлік-елдің қасиеті, Жүректілік – жігіттің қасиеті» атты кездесу ұйымдастырылды.

ҚР Тұңғыш Президенті күні -1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мереке. Бұл күнді мерекелеу қарсаңында жыл сайын  ауқымды мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады, оның басты мақсаты жастарды патриоттыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Биылғы қашықтықтан оқыту жағдайында  жыл сайынғы іс-шаралар онлайн форматта өз жалғасын табуда. Соның бірі  Грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы, кәсіби спортшы  Нұрбақыт Теңізбаев және «IS» тұжырымы бойынша «Ережесіз жекпе-жектің» әлем чемпионы, «Дзюдо» күресінен Қазақстанның екі мәрте чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ақжол Жолдасбаевпен өткізілген кездесу.  Кездесуге колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шара барысында  кәсіби  спортшы Н.Теңізбаев жалпы спорттың түрлері мен дамуы, Алматы облысы бойынша  спортшылардың  бүгінгі жетістіктері туралы ой бөлісіп, болашақ педагог мамандарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен кітап оқудың пайдасы туралы өз кеңестерін, тұшымды ойларын айтты. Спорт шебері  А.Жолдасбаев спорттағы алғашқы қадамы мен бүгінгі күнге дейін жеткен   жетістіктері туралы таныстырып, мықты спортшы болу үшін қажет қасиеттерді айтып өтті. Кездесуде студенттер де өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында қонақтарды және қатысушыларды   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Диханбаева  алда келе жатқан мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты. 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location