02 Желтоқсан 2020
643

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

 

 

 

 

 

Жаркент жоғары
гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Б.Н.Саурамбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1991 жылы 1 жел­­тоқ­­сан­да ел тарихындағы алғашқы демократиялық сайлауда халқы­мыз өзі­нің тұңғыш Пре­зиденті ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты таңдады. Осы тарихи таң­дау Қазақ­станның тәуелсіз, әрі қуатты мемлекет ретіндегі кемел келешегін, тар­лан тағдырын, боямасыз болашағын айқындап берді. Бүгінде Қазақстан тәуелсіздігін қатар алған өзге республикалардан оқ бойы озып алға шығып, әлемдік қауымдастық мойындаған бірден бір мемлекет болып қалыптасты. Шын мәнінде, Елбасының  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының заңы қабылданып, осы заң негізінде  еліміз өзінің  Тәуелсіздігін жария етті.  Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биіктерді бағындырды. Қазір мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.

Еліміздің әлеуметтік және саяси дауына келетін болсақ, Стратегия – 2030-ды мерзімінен бұрын іске асырып, Стратегия – 2050, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет» Ұлт жоспарын жүзеге асырылуда.  Елбасы экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы инситуттары мен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа замаңғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды. Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп келеміз. Осы уақыт аралығында Қазақстан 70-тен аса халықаралық ұйымдардың белді мүшесі атанып, елімізде Азиада, ЕХРО халықаралық көрмесі және қысқы Универсиада сияқты маңызды шаралар жоғары деңгейде өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, оған деген халықтың сенімінің, еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында Қазақстан осындай үлкен жетістікке жетіп, әлемге танылып отыр. Оған қоса, Қазақстанның бүгінгі таңдағы тәуелсіздігінің күші – ұлттар достастығында, ел бірлігінде болып отыр. Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің, Тұңғыш Президентіне алғысымыз шексіз!

Барша қазақстандықтарды 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Халқымыз қуаныштан, мамыржай тіршіліктен арылмасын! Ұрпағымыздың келешегі жарқын, дені сау болсын!

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location