16 Наурыз 2021
762

«Тиімді әдіс-тәсілдер –сапалы сабақ кепілі» тақырыбында жас мамандарға арналған шеберлік сыныбы

09.03.2021 жылы Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Шетел және орыс тілдері» ПЦК онкүндігінің аясында «Тиімді әдіс-тәсілдер –сапалы сабақ кепілі» тақырыбында жас мамандарға арналған шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбы Team-teaching технологиясы негізінде жүзеге асты.

Ұйымдастырушылар шетел тілі пәнінің озат оқытушысы Л.Э.Азнабаева мен педагог - зерттеуші Б.Б.Ниетбаева жас оқытушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар шеберлік сыныбында «Кинометафора», «Сұрақ сізден, жауап меннен», «Ассоциативный куст/ряд», «Ромашка Блума» тиімді әдістері мен «Плюс, минус, қызықты» және «Rainbow of notions and feelings» кері байланыс тәсілдерімен бөлісті.

Қатысушылар алған тәжірибені практикалық жұмыстар арқылы пысықтады. Осындай жұмыс түрлері өзара тәжірибе алмасуда тиімді екенін көрсетті.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location