16 Наурыз 2021
162

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық және М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледждерімен онлайн кіріктірілген сабақ

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен наурыздың бесі Республикалық «Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің идеялары» тақырыбында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық және М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледждерімен онлайн кіріктірілген сабақта іс-тәжірибесімен оқытушылар,студенттер арасында іс-тәжірибе алмасты.

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Құрабалдиева Клара Бавашевна «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 3 курс арасында балабақшада білімалушы тәрбиеші ретінде сен осы өлеңді қалай түсіндірер едің? мақсатында байланыстырды. Ф.Оңғарысынованың Туған жер» «Тәрбиеші» «Балабақша жақсы ма? Үй жақсы ма?» тақырыбындағы өлеңдерінің идеялық мазмұнын пікірталас элементтері, заманауи,,, BABY SKILLS, жобасының тапсырма түрлеріне талдау жүргізді.Аязбек Аяулым,Баубек Гүлзада, Ораз Жания,Мамыт Дильмина,Қызайбаева Ботакөз, Бағышева Арайлым,Серік Арайлым,Нұрмұхамед Қаламқас сабақта белсене қатысып, тәжірибе көрсете білді.

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы Ф.Оңғарысынова өлеңдерін териялық жағынан тапсырмаларын орындата білді. «DeaI» «IP» «TAФТТ»әдістері арқылы Зилгарина Дильназ,Мендыбаева Әсем, Жанспаева Сәуле талдауды нақты айта білді.Фариза өлеңдерін креативті талдап, мазмұнын аша білді.

М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжініңқазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Ахунов Бақытжан Кенжебекұлы, Каюпова Дидар Сламбековна білімалушылардың пәнге сәйкес тіл байлықтары мен сөздік қорларын дамыту мақсатында салыстырмалы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,Тоқмырза Әлия,Ешмұратов Бегзат, Букенбайқызы Құрмет АКТ құралдарын «Туған ел» «Бесік жыры» өлеңдерінде тиімді пайдалана білді. Міне осындай тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location