13 Қазан 2021
27

WorldSkills талаптары бойынша демоэкзамен ұйымдастыру және өткізу

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің бітіруші топ түлектері, БҚ1-17 топ студенттері: Амангелдіқызы Айдана, Есенберді Гүлдана, Кенжеғалиева Айнұр, Тұрғанбек Балжан «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 01-02 маусым күндері колледж базасында жаңа форматтағы біліктілік емтиханы-«Демострациялық емтихан» тапсырды.

 

WorldSkills талаптары бойынша демоэкзамен ұйымдастыру және өткізу әдістемесін жасау «Талап» КЕАҚ әзірлеген әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан 2021 жылдың 01-02 маусым күндері өткізіліп, емтихан ұзақтығы 12 сағатты құрады.

 

Демонстрациялық емтихан WorldSkills стандарттары талаптары негізінде құрылған Бағалау құжаттамаларының жиынтығы (КОД) барлық әдістемелік нұсқаулықтар негізінде өтті. Айта кету керек, ДЕ бойынша эксперт-ұйымдастырушы, колледждің педагогика пәнінің оқытушысы, п.ғ.м. Асанова Нұргүл Сейткамалқызы педагогикалық құзыреттіліктер бойынша облысымызда тұңғыш рет өткізіліп отырған айтулы шараның жалпы дайындық және ұйымдастырып өткізу жұмыстарын демемтихан өткізу талаптарына сәйкес жүргізді.

 

Инфраструктуралық параққа сәйкес демонстарциялық емтихан өткізу алаңдары барлық қажетті ресрурстарымен, тулбокстармен қамтамасыз етіліп, емтихан тапсырушылар мен сарапшылар үшін толық жағдай жасалды. Сонымен қатар сарапшылар және емтихан тапсырушылар бөлмелері алдын ала құжатқа сәйкес жабдықтармен және шығыс матреиалдарымен жабдықталды.

 

Жаркент қаласындағы жергілікті жалпы білім беретін орта мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған сарапшы топ емтиханға қатысушылардың модульдік тапсырмалардан тұратын емтихан жұмыстарын бағалау критерийлері бойынша объективті, субъективті бағалап, CIS жүйесінде бағалау үрдісін жүргізді. CIS жүйесіндегі нәтижелерді бағалау және EDUWSK қолдану жұмыстарын техникалық сарапшы-колледж директорының ақпараттық істері жөніндегі орынбасары, информатика және арнайы пәндер оқытушысы Сағат Еркебұлан Болатұлы басшылыққа алып, сапалы жүргізді.

 

Айта кету керек, демонстарциялық емтихан техникалық және кәсіптік білім беруде WorldSkills стандарттары бойынша студенттердің теориялық және практикалық біліктері бойынша қалыптасқан кәсіби дағдылары мен шеберліктерін кешенді бағалауда маңызды орын алатын қорытынды аттестаттаудың жаңа нысаны, сонымен қатар түлектерді еңбек нарығындағы кәсіби стандарттарға негізделген бәсекеге даярлаудың жаңа формасы болып табылады.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location