13 Қазан 2021
430

«Әліппе-ғылым анасы» тақырыбында практиканың қорытынды есеп беру конференциясы

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 403 топ студент-машықкерлері 01-07 қыркүйек күндері аралығында «Баланың мектептегі алғашқы күндері» атты практикадан өтті. Колледждің әлеуметтік серіктестерінің бірі- Жаркент қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп базасында машықкерлер мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер- 1А, 1Ә, 1Б сыныптарында практика жоспары бойынша тиісті жұмыстар атқарды. Ал практика әдіскерлері колледждің педагогика, психология пән оқытушылары Іргебаева Советхан Жұмашқызы, Асанова Нұргүл Сейткамалқызы, Байбураева Шынар Әлімханқызы студент-машықкерлерге әдістемелік көмек көрсетті.

 

5 күн, 36 сағаттық аталмыш практикада студент-машықкерлер сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін диагностикалап, зерттеп, саралау жұмыстарының қорытындысын шығарды. 1-сынып оқушыларының сабақ және үзіліс кезіндегі әрекеттерін бақылап, мектеп тәртібіне тез үйренісуі үшін жағдай жасап, оқушылармен қарым-қатынасын қалыптастыру бағыттарында бірқатар жұмыстар атқарды. Сонымен қатар 1-сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға көмек жасады.

 

Мектеп базасында 7-қыркүйек күні «Әліппе-ғылым анасы» тақырыбында практиканың қорытынды есеп беру конференциясын жоғары деңгейде ұйымдастырып, практика бойынша қорытынды жұмыстар жүргізді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location