04 Қараша 2021
81

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Педагогика және психология ПЦК онкүндігі барысында көптеген әдістемелік жұмыстар, сонымен қатар ашық сабақтар өткізілді

 Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Педагогика және психология ПЦК онкүндігі барысында көптеген әдістемелік жұмыстар, сонымен қатар ашық сабақтар өткізілді. 12-сәуір күні ZOОM қосымшасында колледждің педагогика пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Асанова Нұргүл Сейткамалқызы 0105000 «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша оқитын БҚ-17 топ студенттерімен Шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы «Шағын жинақталған бастауыш мектепте дүниетану сабағын жоспарлау». Сабақтың түрі Worldskills стандарттарындағы «Кіші сыныптарды оқыту» құзыреттілігі тапсырмалары мен бағалау критерийлері енгізілген практикалық сабақ. «Болашаққа жолдамамен ақылды дағдыларға» эпиграфымен басталған сабақтың жалпы мазмұны қазіргі кездегі білім мен ғылымның жаңаруымен, қол жеткізген табыстармен байланыстырылды, ол үшін оқытушы өз сабағында ғылымы мен техникасы дамыған елдердің ғаламат жұмыстары көрсетілген бейнероликтерді көрсетіп, мазмұны бойынша «P.S (постскриптум-айтылғаннан кейінгі ой)» әдісін сәтті қолданды. «Бастауыш 2-4 сыныптарда бірпәнділік жүйе бойынша дүниетану сабағының жоспарын құру» практикалық тапсырманы орындаудың бағалау критерийлері WSK стандарттарына сәйкес әзірленген. Практикалық кезеңнің А модулі бойынша 1,2 тапсырмаларды бағалау критерийлері арқылы бағалау жүргізу үшін бағалау эксперттері ретінде топтың студенттері, 2020 жылғы WS аймақтық чемпионатының конкурсанттары: Әділғазы А., Тұрғанбек Б. арнайы таңдап алынды. Эксперттер модуль тапсырмаларына әрбір аспект бойынша объективті (өлшенетін) және субъективті (төрешілік) бағалау жүргізіп, қорытынды жинақ балдарды 4 балдық жүйедегі бағаларға ауыстырды. LearningApps.org қосымшасында мультимедиялық интерактивті тапсырмалар түрлерін тиімді қолданды. Сабақта «КӘМТ (Күш. Әлсіздік. Мүмкіндік, Тәуекел) кері байланыс түрі қолданылып, студенттер өз пікірлері мен сұрақтарын ZOOM қосымшасында, WhatsApp желілерінде бөлісе алды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location