20 Қараша 2021
368

«Келешекке бастар жол» атты тренинг семинар

2021 жылдың 28 қазанында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Келешекке бастар жол» атты тренинг семинар өтті. Семинарға қатысушылар Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің бітіруші топ студенттері. Семинарды жүргізуші Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Педагогика және психология институтының маркетинг бөлім жетекшісі, аға оқытушы Жанкушков Бауыржан Оразаевич.

Іс-шараның мақсаты – Педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Тренинг семинар коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location